
15 желтоқсан күні ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келген ең асқақ арманның орындалуының мерекелік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Біздің ұлттық қасиеттеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды асқақтатқан, ұлттық абыройымызды оятқан Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Бұл-қазақ мемлекеттілігінің жандануы мен бостандыққа қол жеткізудің маңызды кезеңі. Аудан тұрғындарынТәуелсіздік мерейтойымен аудан әкімі Н. Кеңесов құттықтап, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарын, аудан әкімінің Алғыс хатын, сондай-ақ Президенттің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 632 Жарлығымен "Күміс алқа" медалін тапсырды. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.