
2021 жылғы 10 қарашада Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында «Медиация: қолдану салалары» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға «RPA IMC» Президентінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева, Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Үмітжан Құрманқызы Нұртазина, халықаралық деңгейдегі кәсіби медиаторлар Марат Ғаниұлы Садуақасов, Мадияр Сайранұлы Ғалымжанов, Урустам Таирович Урустамов, ауылдық округ әкімдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, білім бөлімі мен аудандық аурухананың өкілдері қатысты.
Конференция барысында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қызметінде туындайтын мәселелер көтерілді. Медиация рәсімі халықаралық деңгейдегі медиаторлардың баяндамаларында егжей-тегжейлі көрсетілді. Барлық түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.