
Құрамында аудандық мәслихаттың хатшысы А.С. Асанова, депутаттар Н.З. Алиев, А.Б. Мусин, аудан әкімінің орынбасары, сонымен қатар бюджет қаражатын жұмсау мәселелеріне жетекшілік ететін Ж.Е. Мәкенова бар мониторингтік топ Тимирязев мектеп-гимназиясына барып, күні бойына жетерлік жақсы әсер алды.
Жылдан жылға педагогикалық қызметтің елеулі нәтижелеріне қол жеткізіп келе жатқан ауданның үздік білім беру мекемелерінің бірі өзіне деген мемлекеттің қамқорлығы мен назарын сезінуде.
Үшінші маусым қатарынан мектеп-гимназияның жөндеу жұмыстарына қомақты бюджет қаражаты бөлінді: 2019 жылы – 56 млн.теңге шатырын жөндеуге және терезелердің бір бөлігін ауыстыруға, өткен жылы 13 млн. ескі терезелерді ауыстыру аяқталды, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына 207 млн. теңгеге жуық жұмсалмақ.
Бұл қаражатқа ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу, кәріз жүйесін жаңарту, ағаш едендерді, плиткаларды, санитарлық тораптарды, барлық есіктерді, линолеумды ауыстыру, орталық кіреберістердің, оның ішінде өрт болған кезде шығатын жерлерді жөндеу, сондай-ақ мектеп қасбетін, төлесін сырлау жоспарлануда, мүгедектердің объектіге кедергісіз кіруін қамтамасыз ету үшін пандус орнату да көзделген.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жеңіп алған «ГрадСтройСервис» ЖШС (Шымкент қ.) оны 5 тамызда бастады.
Жөндеу жұмыстарының барысын қырағы бақылауда ұстайтын бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қызмет алушы болып табылатын білім бөлімінің басшысы А.Т.Күзеубаев, мектеп-гимназия директоры М.Ф. Иванова дәл қазір еш шағым жоқ деп сендірді. Мердігер ұйым оларды 5 қарашаға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Армат Тілеубайұлы осы мектепке қатысты алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті – оның аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады.
Жалпы мектеп, «Таңшолпан» шағын орталығы 1 қыркүйекте өз қамқорлығындағы балаларды қабылдауға дайын – кесте жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі болмайтындай етіп жасалған.
Мектеп әкімшілігін, ата-аналарды алаңдататын жалғыз нәрсе – орталық қазандықтың жылу маусымына дайындық деңгейі және соңғы жылдары көп назар аударуды қажет ететін осы процеске байланысты температура режимі.