
Ауданда қысқы хоккей кортының құрылысы жүргiзiлуде, ал 2021 жылдың жазында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды. Спортпен шұғылданудың ұтқырлығы үшiн екi нысанның құрылысына арналған орын "Жастар"стадионында бөлiнген. Жоба бойынша корт 1800 шаршы метр (30м х 60М) аумақты алып жатыр, құны 91 млн.теңге. Бұл шешiнуге, душқа және мiнбелерге арналған үй-жайлары бар толыққанды мұз объектiсi.