
Жақында Москворецк ауылдық округінің тұрғындары жаңа ұялы байланыс станциясының арқасында сапалы интернетті, ұялы телефон байланысын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Аудандық мәслихат депутаты Б.Д. Дүйсембаев жерлестерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға 15 жылдан астам уақыт бойы тырысты. Мәселені шешу орнынан қозғалғандай — өткен жылдан бастап «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде округтегі су тегеурінді құрылыстар алаңының құрылысын «Каскад-2004» ЖШС жүргізуде.
Аудандық мәслихат хатшысы А.С. Асанова бастаған бір топ депутаттар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары С.Г. Соболевскаяның, округ әкімі Т.В. Домащенконың қатысуымен жұмыстарға мониторинг жүргізді.
Сәулет, құрылыс, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының м.а. М.С. Байғожин осы жоба бойынша өткен жылы 18 млн. теңге игерілгенін хабарлады. Нысанды аяқтау үшін ағымдағы жылы 158 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта дайындық жер жұмыстары, ескі сорғы үй-жайын бөлшектеу, таза су резервуары астындағы тереңдікті бетонмен құю жұмыстары жүргізілді.
Учаске бастығы О.С. Островский құрылыс үшін қажетті материал әкелінгенін, техникалық жабдықтауда проблемалар жоқ екенін, бригада жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтінін және қазан-қараша айларында объектіні пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын айтты.
Алайда, депутат Б.Д. Дүйсембаев ауылда су тарату желісін өткізу тақырыбын табанды түрде жалғастыруда, сондай-ақ бүгіннің өзінде су тегеурінді мұнарасының қымбат тұратын жабдығына одан әрі техникалық қызмет көрсету сияқты маңызды мәселені көтеріп отыр.