Дзюдодан аймақаралық жарыс

Дзюдодан аймақаралық жарыс

4 маусымда Тимирязев мектеп-интернатының спорт залында дзюдодан аймақаралық жарыс өттi. Жарысқа Солтүстiк Қазақстан облысының 10 командасы, сондай-ақ Щучинскiден келген қонақтар қатысты. Тимирязев ауданының құрама командасы 1 орынға ие болды. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер тиiстi дәрежедегi медальдармен және дипломдармен, ал командалар кубоктармен марапатталды.

Тимирязев ауданында балалар мен жасөспiрiмдер спортын дамытуға қосқан зор үлесi үшiн Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы Айман Серiкқызы Асанова Нұрахметов Ербол Сейiтұлы мен Әлиев Ничат Зияддинұлын алғыс хаттармен марапаттады.