Аудандық балалар кiтапханасында "Қасиеттi Қазақстан: Отанымыздың қасиеттi жерлерi" атты тарихи экскурсия өткiзiлдi. Iс-шара барысында пайдаланушылар ЮНЕСКО-ның 11 Дүниежүзiлiк мұра объектiлерi мен елiмiздiң тарихи қалаларын қамтитын "Қазақстанның киелi географиясы" материалдарымен танысты. Қатысушылар үшiн Қазақстанның қасиеттi жерлерi туралы бейнеролик көрсетiлдi. Мақсаты: Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру, отансүйгiштiк, Отанға деген сүйiспеншiлiк пен құрмет сезiмдерiн дамыту.