Жоспарға сәйкес

Жоспарға сәйкес

Н.А. Усенковтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрлескен жоспарлы отырысы өттi.

Отырыс қатысушылары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң басшысы С.Б. Құсайыновтың баяндамасынан кейiн аудандағы мал шаруашылығын дамытудың проблемалық мәселелерiн егжей-тегжейлi талқылады.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының Тимирязев ауданында орындалу қорытындылары туралы iшкi саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Х.И. Наурызбаева баяндады.

Басшылардың ақпараттарын тыңдау нәтижесiнде «Тимирязев ауданында жаңа бизнес объектiлерiн ашу бойынша инвестициялық жоспарлар туралы», сондай-ақ «Тимирязев ауданының «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ қызметi туралы мәселелер тұрақты комиссиялардың бақылауынан алынды.

Сонымен қатар, «Тимирязев ауданының жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасы туралы» тұрақты комиссиялардың бiрлескен отырысының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 4/2 қаулысының iске асырылуын бақылауды депутаттар күшiнде қалдыру қажет деп есептедi.

Отырыс жұмысына аудан прокуроры В.А. Найда, аудан әкiмiнiң орынбасарлары М.А. Биәлиев, Ж.Е. Мәкенова, Ү.Қ. Нұртазина, күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелердi шешуге мүдделi басқа да органдардың басшылары қатысты.