Техника жұмыс iстейдi

Техника жұмыс iстейдi

Кеше аудандық мәслихат хатшысы А.С. Асанова, аудан әкiмiнiң орынбасары М.А. Биәлиев ауданға келген «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ СҚОФ ЖПУ-63 бастығы И.В. Шлотгауэрмен кездестi. Дәл осы ұйым аудан аумағы арқылы өтетiн республикалық маңызы бар 98 шақырым жолға қысқы қызмет көрсету тендерiн жеңiп алған болатын.

Соңғы айда тимирязевтiктердiң бұл жұмысқа деген шағымдары көп. Жекелеген учаскелердi, әсiресе қар басып қалатын жерлердi тазалау сапасыз жүргiзiлген, бiр жолақпен ғана ашылған, соның салдарынан қарсы келген көлiк қозғала алмайды. Пайда болған тоннельден ауа-райының қолайсыз болуының алғашқы белгiлерiнен-ақ өтуге мүмкiн болмай қалды, ал толтырылған iз жеңiл көлiктердiң жүруiн қиындатты.

Осы жұмысқа жауапты жол-пайдалану учаскесiнiң басшысы Қ.Б. Жәмиханов туындаған проблеманы техниканың бұзылуынан және жұмысшылардың жетiспеушiлiгiнен деп түсiндiрдi.

Алайда, жолды тазалауға «Урал» автокөлiгiнiң негiзiнде шнекоротор мен автогрейдер шықты.

Кездесу нәтижесiнде жолдарды қысқы күтiп ұстау бойынша қызмет нәтижелерiн жолшылардың өздерi де, ТЖ қызметтерi де, жергiлiктi полиция да талдайды, ал қорытынды жинақ аудандық мәслихат арқылы алдағы уақытта жұмыстағы кемшiлiктердi болдырмау үшiн компанияға жiберiледi деген жалпы уағдаластық туындады.