Бүгін аудан әкімінің Е.Қ. Жаров төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік сала нысандары мен коммуналдық шаруашылықтың 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды. Бұл бойынша аудан әкімдігі аппаратының, аудандық білім бөлімінің, аудандық мәдениет үйінің және агротехникалық колледждің өкілдері баяндама жасады.
Сонымен қатар, Цифрлық отбасы картасы аясында D және E санатындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау және сүйемелдеу шаралары туралы мәселе тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жылыту маусымына сапалы дайындықтың және халыққа атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейтудің маңыздылығын атап өтті.