Ленин және Мичурино ауылдарының тұрғындарымен кездесулер

Ленин және Мичурино ауылдарының тұрғындарымен кездесулер

Бүгін, ағымдағы жылдың 5 маусымда Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров Ленин және Мичурино ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.

Кездесулер аясында аудан әкімі тұрғындарды ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ауданның 2025 жылға арналған даму жоспарлары айтылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер көтерілді, соның ішінде жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, балалар алаңын салу.

Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.