Меню

Страницы

Статья

SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді клиенттер қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болады.

Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.

Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.

Бұрын Клиент осы қызметтер бойынша ХҚКО-ға келіп, ресімдеуге өтінім беріп, дайын нәтижеге келу қажет болған кезде қағаз қолхат алатын. Содан кейін ол куәлікті немесе құжатты алу үшін қайтадан келді. Жаңа сервиспен ХҚКО-ға екінші рет барудың қажеті жоқ, клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады.

Жаңа енгізілім ХҚКО-ларға келушілер ағынын азайтуға мүмкіндік береді және азаматтардың уақытын үнемдейді.

Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтердің толық тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында танысуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі

Дата публикации
13 сентября 2022
Дата обновления
13 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы