Меню

Страницы

Статья

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдер - қазақстандықтарды қызықтыратын ең танымал сұраулардың бірі

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бойынша ең танымал сұраулардың бірі – жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды ресімдеу және оны алу жолы. Бұл мәселе, әсіресе, отбасыда бірінші бала дүниеге келгенде өзекті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына осыған байланысты көп сұрақ келіп түседі. Бұл мәселе бойынша көрсетілген қызметтің үлесі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша барлық өтініштің шамамен 20 пайызы болады.

Бұл мәселе бойынша өңірлер арасында Алматы (13,7%) көш бастап тұр, ары қарай тізімді Түркістан (11,5%), Маңғыстау (9,7%) және Алматы облысы (9,6%) жалғайды, үздік бестікті Нұр-Сұлтан қаласы (9,2%) бекітеді.

Ал Солтүстік Қазақстан (0,7%), Қостанай (2,2%) және Павлодар (2,6%) облыстарынан жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар туралы аз сұрау келіп түскен.

Байланыс орталығы мынадай бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер.

Қызмет көрсету барысында байланыс орталығының мамандары ҚР ЕХӘҚМ-нің «Е-Макет» және «Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйелерін пайдаланады.

Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдап, қызмет көрсетеді.

Клиенттерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Telegram, Instagram, Faceboоk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі

Дата публикации
11 августа 2022
Дата обновления
11 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы