Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың қаңтар-маусым айларына аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы туралы ақпарат

КІРІСТЕР.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 539,3 млн. теңге жоспар бойынша ауданның жергілікті бюджетіне 582,4 млн. теңге немесе 108,0% түсті. Асыра орындау 43,2 млн. теңге.

2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 112,7% құрайды (2021 жылдың ұқсас кезеңінде жоспар бойынша 456,2 млн. теңге 516,8 млн. теңге түсті), оның ішінде:

облыстық бюджет бойынша жоспар 358,7 млн. теңге болғанда орындалуы 362,9 млн. теңгені немесе 101,2%-ды құрайды. Асыра орындау 4,2 млн. теңге.

2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 111,8%-ды құрайды (2021 жылдың ұқсас кезеңінде жоспар бойынша 320,5 млн. теңге болғанда 324,6 млн. теңге түсті).

Аудандық бюджет бойынша жоспар 153,3 млн. теңге болса, орындалуы 182,6 млн. теңгені немесе 119,2%-ды құрайды. Асыра орындау 29,4 млн. теңге.

2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 102,7% құрайды (2021 жылдың ұқсас кезеңінде жоспар бойынша 127,0 млн. теңге 177,8 млн. теңге түсті.

ЖӨБ бюджеті бойынша жоспар 27,3 млн. теңге болғанда орындалуы 36,9 млн. теңгені, асыра орындалуы 9,6 млн. теңгені немесе 135,0%-ды құрайды.

2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 255,0% құрайды (2021 жылдың ұқсас кезеңінде 8,7 млн. теңге жоспар бойынша 14,5 млн. теңге түсті.

ШЫҒЫСТАР.

Аудан бюджеті шығыстар бойынша 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 98,3%-ға орындалды.

Нақтыланған жоспар бойынша 866,6 млн. теңге шығыстар 852,2 млн. теңгеге өндірілді. Жүргізілмеген шығыстардың қалдығы 14,5 млн. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде:

1. Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша жоспар 149,0 млн. теңге болғанда орындалуы 142,8 млн. теңгені немесе 95,8%-ды құрайды, игерілмегені 6,2 млн. теңге, оның ішінде:

  • "ТКШ" — 5163,0 мың теңге, қосымша Келісім жасалмады (Тимирязево ауылындағы Сулинский элеваторына кіреберіс);
  • "Жұмыспен қамту орталығы" — 574,0 мың теңге , Қазынашылықтан қайтару, оның ішінде: 429,0 мың теңге — Жеке тұлғаларға көшуге трансферттер; 145,0 мың теңге – ӘЖК;
  • азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге — 379,0 мың теңге , Бос орындар мен еңбекке жарамсыздық парағына байланысты еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу;
  • "Экономика және қаржы бөлімі" — 60,5 мың теңге , мүлікті бағалау есебінен үнемдеу (бюджеттік кредиттер);
  • дөңгелектеу есебінен — 56,8 мың теңге .

2. Облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша жоспар 103,7 млн. теңге болғанда орындалуы 103,6 млн. теңгені немесе 99,9%-ды құрайды, игерілмегені 118,0 мың теңге — бос орын, басқару органдары бойынша ауруханалық парақтар есебінен.

3. Аудандық бюджеттің атқарылуы жоспар бойынша 483,2 млн. теңге 480,5 млн. теңгені немесе 99,5%-ды құрайды, игерілмегені 2634,0 мың теңге, оның ішінде:

  • "Әкімдік аппараты" — 2433,0 мың теңге, Қазынашылықтан қайтару (оқу);
  • "Жұмыспен қамту орталығы" — 59,5 мың теңге, Қазынашылықтан қайтару (қоғамдық жұмыстар бойынша);
  • 140,5 мың теңге — Барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша Фото және басқа да шығыстар бойынша дөңгелектеу есебінен.

4. ЖӨБ бойынша шығыстар жоспар 130,7 млн. теңге болғанда орындалуы 125,3 млн. теңгені немесе 99,5% құрайды, игерілмегені 5,5 млн. теңге, оның ішінде:

  • абаттандыру бойынша — 2278,0 мың теңге, Дружба а., Мира к. (Интернациональный а.о.) қоршау орнату бойынша жұмыстар орындалмаған.;
  • сумен жабдықтау бойынша — 1900,0 мың теңге, Дружба а. (Интернациональный а.о.) су құбырының таратушы желілерін ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісі берілмеген;
  • еңбекақы төлеу қоры – 517,3 мың теңге, бос жұмыс орны мен еңбекке жарамсыздық парағы есебінен (395,0 мың теңге — Мичурин с.о.; 111,3 мың теңге — Хмельницкий с.о.; 11,0 мың теңге — Ленин с.о.);
  • отын (көмір) жеткізілімінің болмауы – 379,2 мың теңге, оның ішінде: 230,0 мың теңге – Хмельницкий а.о.; 91,0 мың теңге – Куртай а.о.; 58,2 мың теңге – Дмитриевский а.о.;
  • Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу – 143,9 мың теңге, оның ішінде: 52,0 мың теңге – жолдар бойынша; 50,9 мың теңге — байланыс қызметтері бойынша; 10,6 мың теңге — көшелерді жарықтандыру бойынша; 23,0 мың теңге — белгілер сатып алу; 7,3 мың теңге — абаттандыру бойынша;
  • баға ұсыныстары бойынша конкурс өтпеді – 140,3 мың теңге, оның ішінде: 48,0 мың теңге – флэш-диск сатып алу, 15,5 мың теңге – картриджді толтыру (Мичуринский а.о.); 24,5 мың теңге –жазылым бойынша, 32,5 мың теңге — баннерлерді дайындау, 20,0 мың теңге — картриджді толтыру (Хмельницкий а.о.);
  • Қазынашылықтан қайтару — 83,0 мың теңге (ЕТҚ бойынша) Хмельницкий а.о.;
  • дөңгелектеу және өзге де шығыстар есебінен — 36,3 мың теңге.

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Қожахметова Г.Қ.

Дата публикации
12 июля 2022
Дата обновления
12 июля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы