Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ қызметтерiн кез келген ыңғайлы форматта алуға болады

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан берi салымшылар мен алушыларға 14,4 миллионнан астам қызмет көрсеттi. Оның iшiнде 9,8 млн-нан астам операция электрондық форматта, 3,4 млн-нан астамы — автоматты түрде жүргiзiлдi. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерiнiң 93% қашықтан алды.

Естерiңiзге сала кетейiк, Қор қызметтерiн санаулы минуттың iшiнде үйден шықпай-ақ алуға болады. Мысалы, enpf.kz сайтында және БЖЗҚ мобильдiк қосымшасындағы жеке кабинет арқылы салымшылар кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы, сондай-ақ, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша өтiнiш берiп, төлемге өтiнiштiң мәртебесiн қадағалап және т.б. қызмет түрлерiн ала алады. Онлайн-форматта 2022 жылдың төрт айында 9,8 млн-нан астам қызмет көрсетiлдi.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу — өтiнiшсiз қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады. Естерiңiзге сала кетейiк, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашық ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна келiп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Салымшының қолданыстағы құжатының деректемелерi мен тұрғылықты жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтi БЖЗҚ Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Автоматты түрде 3,4 млн-нан астам қызмет көрсетiлдi.

Кейбiр қызметтердi алу үшiн (мысалы, мұрагерлiк бойынша немесе тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет, оларды пошта арқылы немесе жеке өзi не БЖЗҚ кеңсесiнде сенiм бiлдiрiлген адам арқылы ұсынуға болады. Сонымен қатар, әлi күнге дейiн Қор мамандарына жеке жүгiнудi жөн көретiн салымшылар да бар. Сондықтан, жыл басынан берi БЖЗҚ бөлiмшелерi арқылы Қазақстан бойынша салымшылар мен алушыларға дәстүрлi түрде 595,2 мың қызмет көрсетiлдi. Естерiңiзге сала кетейiк, Қордың жақын жердегi бөлiмшесiн enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильдi қосымшасы арқылы оңай табуға болады.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елдi мекендерде ұлттық пошта операторының Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерiн ұсыну жөнiндегi бiрлескен жобасы аясында 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлiмшесiнде 5 мыңдай қызмет көрсетiлдi.

Көшпелi қызмет көрсету барысында шамамен 26,4 мың операция жүргiзiлдi. Қордың мұндай қызмет көрсету түрi, ең алдымен, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын (мерзiмсiз белгiленген 1 және 2 топтағы мүгедектер) салымшылар (алушылар) үшiн көзделген.

Атап кету керек, БЖЗҚ салымшыларының ең жиi қолданатын қызметi — жеке зейнетақы шоттарынан үзiндi көшiрме алу. 2022 жылдың төрт айында ЖЗШ-дан шамамен 12 млн үзiндi көшiрме берiлдi, бұл барлық жүргiзiлген операциялардың 84% құрайды. Осы ретте 9,8 млн жуық үзiндi көшiрме (немесе барлық берiлген үзiндi көшiрмелердiң 81,5%) электрондық түрде алынды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерiн ұсынуға және Қор салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңiл бөледi. 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардан түрлi байланыс арналары арқылы түскен 396 мыңнан астам өтiнiш өңделдi.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығына 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) хабарласу арқылы, сондай-ақ, enpf.kz корпоративтiк сайты, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber мессенджерлерiндегi чат-бот, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi ресми парақшаларында ақыл-кеңес ала алады.

БЖЗҚ еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан берi кәсiпорындар мен ұйымдарда 8,6 мыңнан астам таныстырылымдар өткiзiлiп, оларға 190 мыңнан астам адам қатысты.

Дата публикации
02 июня 2022
Дата обновления
02 июня 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы