Меню

Страницы

Статья

Техпаспорт жоғалған немесе ұрланған кезде қалай қалпына келтіруге болады?

Көпшілігіміз өмірімізде бір рет болса да құжат жоғалтып көрдік. Жоғалған құжаттарды сүйіншіге қайтарып беруі де мүмкін, бірақ оған сеніп отырудың қажеті жоқ.

Ең жиі жоғалатын құжаттардың бірі — автокөліктің техникалық паспорты. Бүгін біз оны тез қалпына келтірудің оңай жолын айтамыз.

Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, тезірек автоХҚО-ға барғаныңыз жөн. Мұнда 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз.

Осымен шаруа бітті. Бірер сағат ішінде сізге көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі.

Сондай-ақ, техаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз.

Құжаттарыңызға мұқият болыңыз!

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметі

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы