Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ жылжымалы кеңселерi биыл 762 елдi мекенге қызмет көрсеттi

Елiмiздiң кең байтақ мемлекет, әлемде көлемi жағынан тоғызыншы орынды алатыны белгiлi. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiмен бүкiл республика аумағын қамту мүмкiн емес. Әрi ғаламтор желiсi де барлық жерге жетпеген. Дегенмен Қор қызметiмен жұртшылықты барынша қамтамасыз ету мақсатында шалғай орналасқан елдi мекендердiң тұрғындарына арнап, үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» жобасы бастау алған болатын. «Жылжымалы кеңсе»  — салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажеттi барлық құралдармен жабдықталған, жерсерiктiк байланысты бар шағын автобус.

Айта кетерлiк жәйт, шалғай ауылдардың тұрғындары «Жылжымалы кеңседе» БЖЗҚ бөлiмшелерiнде алуға болатын барлық қызмет түрлерiн ала алады. Олардың iшiнде, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме, салымшы деректемелерiне өзгерту/толықтырулар енгiзу, хабарландыру тәсiлi туралы келiсiмге отыру, мүгедектiк немесе ерiктi зейнетақы жарналары бойынша төлемақы алуға өтiнiш беру және т.б. қызмет түрлерi бар.

2021 жылдан берi БЖЗҚ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркiстан облыстарындағы шалғай орналасқан елдi мекендердi жылжымалы кеңселермен қамтыды. Сонымен қатар, мобильдiк бөлiмшелер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарындағы алыс ауылдарға қызмет көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында осы жоба аясында 70 мыңға тарта салымшылар мен алушыларға барлығы 85 мыңнан астам қызмет көрсетiлдi. Бұл ретте жылжымалы кеңселер Қазақстанның 762 елдi мекенiн аралап шықты.

Естерiңiзге сала кетсек, жылжымалы кеңселер алдын ала жоспарланған кесте бойынша сапарға шығады. Ал барлық бағыттар жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiледi. Әкiмдiктегiлер өз кезегiнде жергiлiктi тұрғындарды «Жылжымалы кеңсенiң» келетiнi жайлы хабардар етедi.

Дата публикации
15 ноября 2021
Дата обновления
15 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы