Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда мигранттар жұмыс істеуге рұқсатты қалай ала алады?

Қазақстанда мигранттар жұмыс істеуге рұқсатты қалай ала алады?

Қазақстанда басқа елдердегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген.

Қазақстанға келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

Ең алдымен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мигранттар Қазақстаннан жұмыс беруші тауып, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасаcуы керек. Ары қарай көші-қон қызметтері орталығында ЖСН алады. Бұл мемлекеттік баж салығын төлеу үшін қажет.

Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • еңбек мигрантына рұқсат алу туралы өтініш;
  • жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемді төлегені туралы түбіртек;
  • Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт;
  • 075/у нысандағы медициналық анықтама;
  • саусақ іздері мен фотосуретке түскендігі туралы анықтама;
  • медициналық сақтандыру;
  • еңбек шарты.

Фото, видео, саусақ іздерін тіркеуді көші-қон қызметтері орталығында немесе көші-қон полиция қызметінде жасауға болады.

Рұқсат мерзімін жеке тұлғалар бір жыл ішінде 3 ай сайын ұзартып тұрады. Қызмет көші-қон қызметтері орталығында немесе электронды портал арқылы қолжетімді.

Жеке тұлғаларүшін — тегін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Дата публикации
01 ноября 2021
Дата обновления
01 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы