Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ журналистерге арналған онлайн-семинар өткiзедi

Мiне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтерi, зейнетақы жүйесi және зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызмет нәтижелерi туралы хабардар болу деңгейiн арттыруға бағытталған белсендi ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу шеңберiнде қаржы журналистикасы мектебiнiң қарқынды курсын өткiзiп келедi.

Қор сарапшылары екi күн бойы қазақ және орыс тiлдерiнде шеберлiк сабақтарын өткiзедi. Айта кетейiк, курс бағдарламасында қатысушыларға түрлi тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылады:

  • Қазақстанның зейнетақы жүйесi және «БЖЗҚ» АҚ қызметi;
  • демографиялық трендтер және жинақтаушы құрамдауыштың қажеттiлiгi;
  • зейнетақы заңнамасындағы бiржолғы зейнетақы төлемдерiн (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiк басқаруға (ИПБ) аударуға қатысты өзгерiстер;
  • ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша өзгерiстер;
  • ЕАЭО елдерiн зейнетақымен қамсыздандыру;
  • БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерi.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп. ҚРҰБ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi модуль таныстырылады.

Коронавирус iндетiне байланысты биылғы жылы iс-шара, өткен жылғыдай, ыңғайлы онлайн форматта өткiзiледi.

Қатысу үшiн алдын-ала тiркелу қажет. Қатысуға өтiнiмдi press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттiң атауы, қатысу күнi және ватсап қосымшасы бар телефон нөмiрi (шақыру-сiлтеме жiберу үшiн) сияқты жеке деректерiңiз көрсетiлуi тиiс.

Шақыру-сiлтеме Сiзге iс-шара басталардан бiр күн бұрын жiберiледi.

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы