
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, «ХҚО» мобильдiк қосымшасын енгiздi. Ол қазақстандықтарға мемлекеттiк қызметтердi смартфондағы бейнеқоңырау функциясы арқылы алуға мүмкiндiк бередi.
«ХҚО» қосымшасы арқылы Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарының операторлары пилоттық тәртiпте клиенттердiң қоңырауларын қабылдап жатыр.
2021 жылдың қыркүйегiнде «ХҚО» мобильдiк қосымшасы арқылы пилоттық режимде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi бекiтiлген. Олардың арасында сотталмағандығы туралы анықтама алу, зейнетақы қорынан үзiндi көшiрме алу, жылжымайтын мүлiктiң бар екендiгi туралы анықтама алу және тұрғылықты тiркеуден шығару сияқты т.б. қызметтер бар.
Қосымшаның тағы бiрнеше қосымша функционалы бар. Клиент ХҚО-ға кезекке тұрып, QR-кодтың көмегiмен талон ала алады, бөлiмшенiң жұмыс тәртiбi мен мекенжайын бiлiп, қажеттi байланыс ақпаратын таба алады.
«ХҚО» мобильдiк қосымшасын Play Market-тен жүктеп алуға болады және жақын арада App Store-да пайда болады. Әзiрге бета-нұсқасы қолжетiмдi, бiрақ қазақстандықтар қосымшаны қазiрдiң өзiнде пайдалана алады. Бiз сондай-ақ қосымшаны сынақтан өткiзген арнайы фокус-топ құрдық. Тестiлеу қорытындысы бойынша фокус-топ қатысушылары кейбiр техникалық мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты. Функционал пысықталып, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны толықтырылатын болады. Бұл қосымша — ХҚО жұмысының жаңа форматы» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма өрағасы Әдiл Қожықов.
Қазiргi уақытта «ХҚО» мобильдiк қосымшасын мыңнан астам қазақстандық жүктеп үлгердi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi