Меню

Страницы

Статья

Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатты қалай рәсiмдей алады

Егер сiз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс iстесеңiз немесе тұрып жатсаңыз және ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажетi жоқ. Ол үшiн сол елдегi ҚР елшiлiгiне немесе консулдығына хабарласып, келесi құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:

  • өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат:
    төлқұжатты ауыстыру үшiн — ҚР азаматының төлқұжаты;
    16 жасқа толмаған болса — туу туралы куәлiк, ата-анасының бiрiнiң жеке басын куәландыратын құжаты мен екiншiсiнiң нотариалды рұқсаты;
  • өлшемi 3,5х4,5 түрлi-түстi 4 фотосурет;
  • тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс iстеу фактiсiн, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшiрме);
  • консулдық төлем түбiртегi.

Бұл қызмет түрi ҚР Цифрлық даму, Iшкi iстер және Сыртқы iстер министрлiктерiнiң бiрлескен жұмысының арқасында қолжетiмдi болды.

Қызмет көрсету мерзiмi — 80 күнтiзбелiк күн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметi

Дата публикации
07 октября 2021
Дата обновления
07 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы