Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды апостильдеу

Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі — ресми құжаттарға апостиль қою. Апостиль - бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл жоғары білім туралы диплом, туу туралы куәлік немесе неке туралы куәлік, мұрағаттан алынған көшірмелер және басқа да құжаттар болуы мүмкін.

Апостиль қоюды екі тәсілмен жасауға болады – eGov порталында немесе ХҚО-да.

Электрондық үкімет порталында қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Бұл қызметті алу бойынша нұсқаулық:

  • Порталда авторизациядан өтіп, "құқықтық көмек" бөліміне өтіңіз, содан кейін қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
  • жолдарды толтырыңыз және апостиль қойылған құжаттың скан-көшірмелерін тіркеңіз
  • ЭЦҚ немесе смс-құпиясөз арқылы сұрауға қол қойыңыз;
  • Жеке кабинетте "Апостиль"электрондық мөртаңбасын алыңыз

ХҚО-ға жүгінген кезде апостиль ұсынуға өтініш және келесі құжаттар болуы қажет:

  • жеке куәліктің түпнұсқасы
  • апостиль қоюға жататын құжат
  • бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат
  • өкіл жүгінген кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат.

ХҚО арқылы қызмет көрсету мерзімі — кі жұмыс күні.

Қызмет құны — 0,5 АЕК.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
04 октября 2021
Дата обновления
04 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы