Меню

Страницы

Статья

Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындары төлқұжат пен жеке куәлiк үшiн QR кодпен төлей алады

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлiктi ресiмдеген клиенттер мемлекеттiк бажды QR кодтың көмегiмен төлей алады. Азаматтарға арналған үкiмет ҚР IIМ-мен бiрлесiп, көшi-қон қызметi операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкiндiгiн iске асырды.

Ендi барлық ХҚО-ларда паспорт пен жеке куәлiктi ресiмдеу кезiнде мемлекеттiк бажды кассаға жүгiнбей, QR код арқылы төлеуге болады. Бұған дейiн мұндай мүмкiндiктi тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары ғана пайдалана алатын.

«Санаулы секунд iшiнде төлеу — әрбiр екiншi қазақстандыққа қолжетiмдi цифрлық мүмкiндiк. QR төлемдер барлық сауда, мәдениет нысандары мен ойын-сауық мекемелерiнде қолданылып жүр. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласына да бiз осындай жаңа цифрлық мүмкiндiктердi енгiзуге тырысып жатырмыз. Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелерiне актiлердi дайындау және беру, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу, кондоминиум объектiлерi бойынша қызметтердi және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттiк қызметтердi төлеуге болатын. Ендi клиент төлқұжат пен жеке куәлiктi ресiмдеуге өтiнiштер қабылдайтын көшi-қон қызметi операторына жүгiнген сәтте, кассаға бармай-ақ бiрден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесi арқылы баж алымын төлей алады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджерi Ерназар Нұрғалиев.

Жыл басынан берi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындарына паспорттар мен жеке куәлiктер беру бойынша 48 мыңнан аса мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Жеке куәлiк үшiн мемлекеттiк баж мөлшерi 584 тг, паспорт үшiн — 23 336 тг құрайды.

Азаматтарға арналған үкiмет QR арқылы төлем жасау мүмкiндiгiн 2020 жылдың қараша айында енгiздi. Бүгiнде клиенттер 146 Мемлекеттiк қызмет түрiн осы тәсiл арқылы төлей алады. Айта кетейiк, мемлекеттiк тiзiлiмдегi 690 қызметтiң 662 қызмет түрi корпорация арқылы көрсетiледi.

Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы