«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бастамасымен ҚР Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу ережелерiне өзгерiстер енгiздi. Ендi нотариуста жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу бойынша жасалған мәмiледен кейiн клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесiн төлем жасалған сәттен бастап екi сағат iшiнде жеделдетiлген тәртiппен ала алады.
Бүгiнгi таңда нотариусқа жүгiнген клиенттерге нәтижелер жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн ақы төленгенi жөнiндегi мәлiмет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне келiп түскен күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi. Көбiне бұл ипотеканы, несиенi, кепiлдi және банктердегi басқа да қажеттiлiктердi ресiмдейтiн клиенттердiң мүлкiн құжаттау процесiн кешiктiруi мүмкiн.
«Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкiмшiлiк кедергiлер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жоюға мүмкiндiк бередi. Процестi жеделдету үшiн азаматтар құқық бұзушылыққа әкелуi мүмкiн түрлi айла iздейтiнiн жоққа шығармаймыз. Бұл өзгерiстер жылжымайтын мүлiктi сату нарығына да айтарлықтай әсер етедi», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның Басқарма төрағасы Әдiл Қожықов.
Бұған дейiн «Азаматтарға арналған үкiмет» Каѕрi компаниясымен бiрлесiп, жылжымайтын мүлiктi нотариустарда тiркеген клиенттер үшiн Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкiндiгiн iске асырған болатын. Айта кетейiк, 2021 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қазақстандықтар нотариустар арқылы жылжымайтын мүлiк бойынша 570 мыңнан астам мәмiле жасасқан.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi