Меню

Страницы

Статья

СҚО ХҚКО-лары бес күндік жұмыс кестесіне көшеді

Қазақстанның ХҚКО-лары үшін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін бірыңғай жұмыс кестесі енгізіледі. Сенбі және жексенбі демалыс күндері. Бұл ретте, қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін республиканың әрбір өңірінде кезекші ХҚКО-ларды қалдыру туралы шешім қабылданды. Олар мемлекеттік қызмет көрсету үшін жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

2021 жылғы 08 қыркүйектен бастап Петропавл қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер Мемлекеттік қызметтерді міндетті түрде алдын ала брондаусыз ала алады. Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін «Ashyq»-пен біріктірді. Бұл ХҚКО-да кезекке талондарды беру кезінде клиенттің мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН теру кезінде ақпарат «Ashyq» жүйесіндегі деректермен салыстырылады, қауіпсіз емес мәртебе анықталған кезде бағдарлама талонды басып шығарудан бас тартуды көрсетеді.

ХҚКО-ға барған кезде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет: бетперде режимі, әлеуметтік қашықтықты сақтау.

«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
09 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы