Инвестициялық кiрiс түсетiн жарналар көлемiнен асып түстi
2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2020 жылдан бастап 01.08.2021 жылға дейiн зейнетақы жинақтарының сомасы 759 миллиардтан аса теңгеге немесе 6% өстi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,5 трлн теңге. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 335,7 млрд теңге, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге жеттi.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бiрлiктi құрады. Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны — 10,9 млн. Одан әрi МКЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар — 529 мың, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар саны қазiр 49,6 мың бiрлiкке тең.
2021 жылдың жетi айында ЖЗШ-ға түскен жарналар көлемi өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 23% асып, шамамен 741 млрд теңгенi құрады. Басым бөлiгiн — 708,7 млрд теңге немесе 95,7% — МЗЖ бойынша аударымдар құрайды.
Салымшылардың шоттарындағы таза инвестициялық кiрiс жыл басынан берi 798,3 млрд теңгенi құрады, осылайша шарттардың барлық түрлерi бойынша түсетiн жарналардың көлемiнен асып түстi. Өткен жылдың осы кезеңiнде ол 752,9 млрд. теңге болды.
Бұл ретте жыл басынан берi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi 6,48% көрсеттi, сол кезеңдегi инфляция 5,3% болды. Егер ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгiн жылдық мәнде, яғни соңғы 12 айда қарастыратын болсақ, онда ол инфляция 8,4% кезiнде 10,56% құрады.
БЖЗҚ төлемдерi жыл басынан берi 1,8 трлн теңгеден асты. Жалпы соманың шамамен 1,7 трлн теңгесi бiржолғы зейнетақы төлемдерi (БЗТ) түрiнде тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшiн төлендi. Бұл ретте тұрғын үй жағдайын жақсартуға орташа төлем 4,4 млн теңгенi, емделуге орташа төлем — 0,9 млн теңгенi құрады.
Зейнет жасына толу бойынша төлемдер 54,7 млрд теңгеден асты. Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты) 28,6 мың теңгенi құрады, жасына байланысты ай сайынғы ең жоғары төлем 673,6 мың теңге.
Сақтандыру ұйымдарына зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн 41 млрд теңгеден астам қаржы аударылды, мұрагерлерге және жерлеуге 37,3 млрд теңге төлендi, тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты 21 млрд теңгеден астам сома, мүгедектiктiң туындауына байланысты шамамен 1,3 млрд теңге төлендi.