Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік көмек көрсетудің қағидалары

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

Жұмыс күшi артық өңiрлерден азаматтарды көшiру шарттары

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жұмыс күшi тапшы өңiрлердi қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды келесi өңiрлерден көшiру бойынша құжаттар қабылдау жүргiзiлуде:

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркiстан, Қызылорда облыстары және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары (соңғы жыл және одан да көп тiркелген).

Жаңа тұрғылықты жерiнде ерiктi аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттiк қолдау:

1) көшуге материалдық көмек беру;

Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелерiне, сондай — ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-отағасына және отбасының әрбiр мүшесiне отыз бес АЕК (97 230 теңге) мөлшерiнде бiр рет берiледi.

2) тұрғын үйдi жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның iшiнде жалғызбастыларға тұрғын үйдi жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтердi төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек — ай сайын, он екi ай iшiнде мынадай мөлшерде берiледi:

ауылдық жерге қоныс аударғандар үшiн:

• бiр адамға 15 АЕК (41 670 теңге) мөлшерiнде;

• отбасы мүшелерiнiң саны екiден төртке дейiн болған кезде 18 АЕК (50 004 теңге) мөлшерiнде;

• отбасы мүшелерiнiң саны бес және одан көп болған жағдайда 21 АЕК (58 333 теңге ) мөлшерiнде.

3) қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу (сатып алу) және/немесе салу арқылы жалға берiлетiн тұрғын үй беру;

Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиiс. Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиiс.

Тұрғын үйлердiң ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйдi жалға алу үшiн ай сайынғы жалдау ақысы 6000-9000 теңгеден басталады.

5 жылдан кейiн қалдық құны бойынша тұрғын үйдi жекешелендiруге болады.

Өтiнiм беру сұрақтары бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы Валиханов көшесi 17 үй мекенжайы бойынша орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына 8 (71537) 21110 телефоны арқылы хабарласуға немесе тұрғылықты жер бойынша ауылдық әкiмдiкке жүгiнуге болады. Директор — Жарасбаев Нариман Алдабергенұлы тел. 87714242484

Ауылда өз iсiн ашу және кеңейту үшiн жылдық 6%-бен кредит беру

"Мал шаруашылығын дамытуға арналған несиелеу бағдарламасы»

- Мақсаты: IҚМ, ұсақ мал басын, жылқы, түйе, басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, бал араларын, балықтарды, жем-шөптi сатып алу.

- қарыз сомасы:

- 4,0 млн теңгеге дейiн,

- сыйақы мөлшерлемесi жылдық 6%,

- сыйақыны өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең — 9 айдан аспайды,

- қарыз мерзiмi 78 айға дейiн.

"Өсiмдiк шаруашылығын дамытуға кредит беру бағдарламасы»

- Мақсаты: көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстары үшiн айналым капиталын толықтыру

- қарыз сомасы 6,0 млн теңгеге дейiн,

- сыйақы мөлшерлемесi жылдық 6%

- негiзгi борышты өтеу және сыйақы бойынша жеңiлдiктi кезең — 12 айдан аспайды (бiрақ кредит / транш мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспайды)

- қарыз мерзiмi 12 айға дейiн.

«Кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға кредит беру бағдарламасы»

- Мақсаты: ауылшаруашылық емес және ауылшаруашылық бизнес түрлерiн ұйымдастыру және кеңейту.

- Нәтижелi жұмыспен қамту қаражатынан қарыз сомасы 6,0 млн теңгеге дейiн,

- 10 млн теңгеге дейiн (зәкiрлiк кооперацияны ескере отырып),

- сыйақы мөлшерлемесi жылдық 6%,

- сыйақыны өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең — 6 айдан аспайды

- қарыз мерзiмi 60 айға дейiн, айналым қаражатына 36 айға дейiн

- аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылар санатына жататын қарыз алушылар үшiн — 78 (жетпiс сегiз) айдан аспайды.

- Бағдарламаға жұмыссыздар,Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жастар,оның iшiнде NEET санатындағы жастар,жас және табысы аз көп балалы отбасылардың мүшелерi,табысы аз еңбекке қабiлеттi мүгедектер, ауыл шаруашылығы кооперативтерi және олардың мүшелерi, зейнеткерлiк жасқа жетпеген шаруа және фермер қожалықтары қатысады.

- Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Тимирязев ауылы, Ш.Уәлиханов көшесi №17 ХҚКО ғимараты 1 қабат. анықтама телефоны 2-11-10, 2-18-00.

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы