Меню

Страницы

Статья

Адресная социальная помощь

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

2021 жылы атаулы әлеуметтiк көмек туралы

Атаулы әлеуметтiк көмек — бұл аз қамтылған отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған, өмiрлiк қиын жағдайда қалған азаматтарға арналған жәрдемақы түрiндегi мемлекеттiк қолдау.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi АӘК көрсету тетiгiн әзiрледi, ол мыналарды көздейдi:

  • АӘК көрсетудiң қолданыстағы шектi критерийiн сақтау, яғни атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға жан басына шаққандағы орташа табысы өңiрдiң ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ынан төмен аз қамтылған отбасылар үмiткер бола алады-32615;
  • отбасының барлық мүшелерi үшiн АӘК мөлшерi жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлiк шегi арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады — 22831.

Жан басына шаққандағы орташа табыс отбасының жалпы табысын (алдыңғы тоқсанға) отбасы мүшелерiнiң санына бөлу және 3 айға бөлу арқылы ескерiледi.

Атаулы әлеуметтiк көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек түрiнде көрсетiледi.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабiлеттi адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабiлеттi мүшесi үш жасқа дейiнгi балаға, мүгедек балаға, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедекке, бөгденiң күтiмiне және көмегiне мұқтаж қартқа күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi.

Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетiлген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызiлiктi және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабiлеттi табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi бар табысы аз отбасыларға, оның iшiнде "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 774-бабына сәйкес бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушiлер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысқан

АӘК алатын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жасына сәйкес жиынтықты қамтитын кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет ұсынылатын болады.

АӘК тағайындауға байланысты барлық мәселелер бойынша Тимирязев А.Халықты жұмыспен қамту орталығына, Ш. Уәлиханов к. 17, ХҚКО ғимаратына хабарласуларыңызды сұраймыз. тел.: 8 (71537) 21110, 2180

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы