Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады. Сіз үйден шықпай-ақ, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).
Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.
Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.

Мемлекет халықтың жеңілдігі бар 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?
Сіз УАҚЫТША сақтандыру мәртебесін өзіңіз немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала аласыз.
Пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:
1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;
2-қадам. Медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.
Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;
Медициналық ұйымға жүгінбеген жағдайда(өздігінен):
1-қадам. Пациент Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жүйесінде мәртебесін тексеріп, «сақтандырылмағанын» анықтайды;
2-қадам. Пациент растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.
Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;

Жалданбалы жұмыскерлерге мәмс жүйесінде сақтандырылу неліктен маңызды
Соңғы 3 айда жарналар төлемеген жағдайда МӘМС пакетіндегі медициналық көмек шектеледі, ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі елдің барлық тұрғындары үшін қол жетімді болады
Жалданбалы жұмыскерлер өз бетінше төлеуге міндетті ме? жоқ
Жұмыс беруші автоматты түрде МӘМС жарналарын төлеу ретінде сіздің жалақыңыздың 1% ұстайды. Жұмыс берушінің өзі қызметкердің жалақысының 2% мөлшерінде жарна төлейді.
Жұмыс беруші жалданбалы жұмыскер
Жарна төлеудің маңызды ережелері
Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.
Қызметкер МӘМС үшін аударылған сомалар туралы анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) өзі барып ала алады.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар артықшылықтарды қалай пайдаланады
Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болсаңыз, өз қызметіңізден кіріс алсаңыз, бірақ салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болсаңыз, сізге қанша және қайда төлеу керек?
Сіздің таңдауыңыз бар
«Өздігінен төлеуші» нұсқасы
Жеке төлеуші ретінде жарналарды 1 ең төменгі жалақының 5% немесе 2 125 теңге мөлшерінде төлеңіз.
«БЖТ төлеуші» нұсқасы
Егер сіз жеке қосалқы шаруашылықтың қызметкері, отбасылық кәсіпорынның айлық төленбейтін қызметкері, жұмыскерлері жоқ кәсіпкер болсаңыз және сіздің жылдық кірісіңіз 1 175 АЕК-тен немесе 3,2 миллион теңгеден аспаса, онда сіз бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) төлеушісі бола аласыз.
республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратындарға 1 АЕК немесе 2 651 теңге;
ауылдық жерде тұратындарға 0,5 АЕК немесе 1326 теңге.
Мұндай жағдайда БЖТ үш қордың арасында бөлінеді және салық төлеу есебіне жүреді:
30% - зейнетақы қорына;
40% - ӘМС қорына (әлеуметтік медициналық сақтандыру);
20% - әлеуметтік сақтандыру қорына;
10% - тіркелген жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыс салығын төлеу
Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына аударыммен де төлеуге болады.
Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A
ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды - 121
ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122
Сондай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, Халық банкі, QIWI және KASSA 24 терминалдары арқылы
QIWI және KASSA 24 терминалдарында төлем жасау бойынша нұсқаулар
Терминал мәзірінде «айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» немесе «қызметтерге ақы төлеу» бөлімін таңдаңыз.
«Басқа төлемдер» бөліміне, содан кейін «Медициналық сақтандыру қоры» қызметіне өтіңіз.
ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз.
Тізімнен кезеңді таңдаңыз.
Төлем жасаңыз және «төлеу» түймесін басыңыз.
Чекті электрондық поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.
Жарна төлеудің маңызды ережелері
Төлеушінің өзі де, үшінші тұлғалар да ол үшін төлей алады, төлем жасалған айды (кезеңді) міндетті түрде көрсетіңіз.
2-3 жұмыс күні ішінде қайтарымды тексеру қажет. Бұл ақша аудару кезіндегі ЖСН немесе аты-жөніңді дұрыс көрсетпеу, дұрыс есептелмеген мәмілелер мен аударым базасының 10 минималды жалақы мөлшерінен асып кетуі сияқты жіберілген қателіктерге байланысты болуы мүмкін.
Шамадан тыс немесе қате есептелген қаражат болған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну керек, растайтын құжаттар қоса тіркеліп, белгіленген нысанда қайтаруға өтініш жазыңыз. Өтінімдерді қарау мерзімі - екі апта.
Жарнаны үш ай ішінде төлемеген жағдайда азамат медициналық көмек алуды МӘМС пакетінде тоқтатады. Бұл жағдайда оған тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі (ТМККК) бастапқы және жедел медициналық көмек қол жетімді болып қала береді.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.
Егер сіз азаматтық-құқықтық мәндегі (ақм) шартпен жұмыс істейтін болсаңыз, мәмс жүйесінде қалай сақтандырылу керек
Ақм шарт бойынша жарналар көлемі
Сіздің кірісіңізден жарнаны қызмет алушы ұстап қалып, өзі аударады.
Жарналар есептелетін ең жоғары сома 10 ең аз жалақыдан немесе 425 мың теңгеден аспауы керек.
2020 ж. – шарт сомасынан 1% 2021 ж. – шарт сомасынан 2%
Қандай түрде төлеу керек?
Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына аударыммен де төлеуге болады.
Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A
ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды - 121
ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122
Сондай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, Халық банкі, QIWI және KASSA 24 терминалдары арқылы
QIWI және KASSA 24 терминалдарында төлем жасау бойынша нұсқаулар
Терминал мәзірінде «айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» немесе «қызметтерге ақы төлеу» бөлімін таңдаңыз.
«Басқа төлемдер» бөліміне, содан кейін «Медициналық сақтандыру қоры» қызметіне өтіңіз.
ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз.
Тізімнен кезеңді таңдаңыз.
Төлем жасаңыз және «төлеу» түймесін басыңыз.
Чекті электрондық поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.
Жарна төлеудің маңызды ережелері
Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.
Қызметкер МӘМС үшін аударылған сомалар туралы анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) өзі барып ала алады.
Жарнаны үш ай ішінде төлемеген жағдайда азамат медициналық көмек алуды МӘМС пакетінде тоқтатады. Бұл жағдайда оған тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі (ТМККК) бастапқы және жедел медициналық көмек қол жетімді болып қала береді.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.
Егер сіздің тұрақты кірісіңіз болмаса, мәмс жүйесінде қалай сақтандырылуға болады
Егер сіз жеке кәсіпкер, жұмыскер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы болмасаңыз және жеңілдігі бар азаматтардың санатына жатпайтын болсаңыз, сізге қанша және қайда төлеу керек?
Сіз мәмс үшін жарнаны өздігінен төлеуші ретінде төлей аласыз
Жарналардың мөлшерін қалай есептеу керек?
Сізге жарналарды 1 ең төменгі жалақының 5% немесе 2 125 теңге мөлшерінде төлеу керек.
Қандай түрде төлеу керек?
Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына аударыммен де төлеуге болады.
Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A
ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды - 121
ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122
Сондай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, Халық банкі, QIWI және KASSA 24 терминалдары арқылы
QIWI және KASSA 24 терминалдарында төлем жасау бойынша нұсқаулар
Терминал мәзірінде «айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» немесе «қызметтерге ақы төлеу» бөлімін таңдаңыз.
«Басқа төлемдер» бөліміне, содан кейін «Медициналық сақтандыру қоры» қызметіне өтіңіз.
ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз.
Тізімнен кезеңді таңдаңыз.
Төлем жасаңыз және «төлеу» түймесін басыңыз.
Чекті электрондық поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.
Жарна төлеудің маңызды ережелері
Төлеушінің өзі де, үшінші тұлғалар да ол үшін төлей алады, төлем жасалған айды (кезеңді) міндетті түрде көрсетіңіз.
2-3 жұмыс күні ішінде қайтарымды тексеру қажет. Бұл ақша аудару кезіндегі ЖСН немесе аты-жөніңді дұрыс көрсетпеу, дұрыс есептелмеген мәмілелер мен аударым базасының 10 минималды жалақы мөлшерінен асып кетуі сияқты жіберілген қателіктерге байланысты болуы мүмкін.
Шамадан тыс немесе қате есептелген қаражат болған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну керек, растайтын құжаттар қоса тіркеліп, белгіленген нысанда қайтаруға өтініш жазыңыз. Өтінімдерді қарау мерзімі - екі апта.
Жарнаны үш ай ішінде төлемеген жағдайда азамат медициналық көмек алуды МӘМС пакетінде тоқтатады. Бұл жағдайда оған тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі (ТМККК) бастапқы және жедел медициналық көмек қол жетімді болып қала береді.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, мәмс жүйесінде қалай сақтандырылу керек
Жарналар көлемі
Жарналардың екі түріне назар аударыңыз:
Өзіңіз үшін - 1,4 ең аз жалақының 5% немесе 2 975 теңге;
Қызметкерлер үшін - жалақының 2%, сондай-ақ қызметкердің жалақысынан 1% ұсталады.
Қандай түрде төлеу керек?
Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына аударыммен де төлеуге болады.
Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A
ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды - 121
ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122
Сондай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, Халық банкі, QIWI және KASSA 24 терминалдары арқылы
QIWI және KASSA 24 терминалдарында төлем жасау бойынша нұсқаулар
1. Терминал мәзірінде «айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» немесе «қызметтерге ақы төлеу» бөлімін таңдаңыз.
«Басқа төлемдер» бөліміне, содан кейін «Медициналық сақтандыру қоры» қызметіне өтіңіз. ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз. Тізімнен кезеңді таңдаңыз. Төлем жасаңыз және «төлеу» түймесін басыңыз. Чекті электрондық поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.
Жарна төлеудің маңызды ережелері
Жарнаны үш ай ішінде төлемеген жағдайда азамат медициналық көмек алуды МӘМС пакетінде тоқтатады. Бұл жағдайда оған тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі (ТМККК) бастапқы және жедел медициналық көмек қол жетімді болып қала береді.
Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.
МӘМС бойынша берешек үшін жеке кәсіпкер мен жұмыс берушілерге төлемнің күнін қосқандағы әрбір кешіктірілген күн үшін 1,25% көлемінде айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 92-1-бабына сәйкес жұмыс берушінің МӘМС үшін аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы төлемді уақтылы немесе толық төлемегендік ретінде ескертуге әкеп соғады.
Әкімшілік жаза берілген кейін жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда шағын бизнеске немесе коммерциялық емес ұйымдарға төленбеген, уақтылы және толық төленбеген аударымдар сомасының 20% мөлшерінде, орта кәсіпорындарға 30% мөлшерінде, ірі кәсіпорындарға 50% мөлшерінде айыппұл салынады.
Сұрау бойынша қор сақтандырылған немесе сақтандырылмаған қызметкерлердің жағдайы туралы және сұралған кезеңге енгізілген қаражат мөлшері туралы ақпарат бере алады.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәуелсіз төлеушілері қандай проблемаларға жиі кездеседі және «сақтандырылмаған» мәртебеде не істеу керек - біз азаматтардың ең өткір сұрақтарына жауап береміз.
Дербес МӘМС төлеуші кім, ол қанша және қайда төлейді?
Егер азамат еш жерде жұмыс істемесе, әлеуметтік осал санатқа жатпаса, өзін-өзі жұмыспен қамтушы немесе ЖК болып табылмаса, ол медициналық сақтандыру үшін 1 ЕТЖ-нің 5% немесе 2 125 теңге мөлшерінде жарна төлеуі қажет. МӘМС жүйесіне қатысудың бұл тәсілі оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын адамдарға да қолжетімді.
Жарналарды әр түрлі жолдармен төлеуге болады - екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы.
Сақтандыру мәртебесін қайда және қалай тексеруге болады?
МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін немесе сақтандыру мәртебесін бірнеше жолмен тексеруге болады: бұл ретте ең аз ақпаратты-тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ ЖСН көрсете отырып Қор сайтында (fms.kz), ҚР ДСМ сайтында, https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-боттың көмегімен, egov.kz. порталда.
Егер төлем уақытында жүргізілсе, ал жүйеде сіз сақтандырылмаған болсаңыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай даулауға болады?
Себептерді нақтылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгіну немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына өтінім жіберу немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгіну қажет. Әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралады.
Егер сіз 1 шілдеге дейін МӘМС үшін жарна аударсаңыз, өткен айлар үшін төлеуіңіз керек пе және ол үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар бола ма?
Иә. Жеңілдікті кезең алдымен 1 наурызға дейін, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдырды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін Қорға төленбеген кезеңге төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін өткен 6 ай үшін жарна төлеу қажет.
Бұл ретте дербес төлеушілер үшін МӘМС бойынша берешек үшін өсімақы көзделмеген
Егер Сіз жұмыс істесеңіз, бірақ төленбейтін уақытша демалыста болсаңыз, МӘМС үшін өз бетіңізше төлеуіңіз керек пе?
- Қызметкер үшін аударымдарды жұмыс беруші еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшерінде жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, жұмыс беруші қызметкерден есептелген жалақының 1%-ын ұстайды.
Алайда, коронавирустық инфекция мен карантиндік режимдегі қиын жағдайды ескере отырып, көптеген кәсіпкерлер нөлдік коэффициентпен жұмыс істейді және аударымдар жасауға мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда сақтандырылмаған болу қаупі жоғары. Уақытша шара ретінде қызметкерлерге жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу ұсынылады.
Резидент емес тұлғалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз бетінше жарна төлей ала ма?
Мүмкін. Бірақ уақытша тұруға ықтиярхаты және ЖСН болмаған жағдайда, мұндай төлеушілер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмайды. Оған оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер жатпайды.
Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.
БЖТ дегеніміз не, оның мөлшері қандай, қалай төлеу керек, біз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуының ең өзекті мәселелерін талқылауға тырыстық.
БЖТ кім төлей алады?
Бірыңғай жиынтық төлемді жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері және жыл сайынғы айналымы 1 175 АЕК-тен кем немесе жылына 3,2 млн. теңгеден кем қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер төлей алады. Басқа жағдайда, бұл төлемді пайдалануға болмайды. Ел аумағында тұрақты тұратындарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жарналарды төлеушілер бола алмайды.
БЖТ-ны қандай мөлшерде және қайда төлейді?
Осы жылдың сәуір айында АЕК мөлшерінің ұлғаюына қарамастан, БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 2 651 теңге және басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге деңгейінде қалды. Салық кодексінің 775-бабына сәйкес БЖТ есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК мөлшері негізінде белгіленеді. Төленген сома келесідей бөлінеді: 30% - зейнетақы қорына, 40% - ӘМС қорына, 20% - әлеуметтік сақтандыру қорына, 10% - табыс салығын төлеуге кетеді.
БТЖ төлемін әр түрлі жолдармен төлеуге болады - екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы.
БЖТ төлемегені немесе уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар немесе өсімпұлдар бар ма?
Жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған төлеушілер үшін айыппұл мен өсімпұл қарастырылмаған.
Егер сіз БЖТ-ны 1 шілдеге дейін төлемеген болсаңыз, өткен 6 ай үшін төлеуіңіз керек пе?
Иә. Жеңілдік кезеңі алдымен 31 наурызға дейін жарамды болды, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдыру ғана болды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін сізге 1 қаңтардан бастап 2125 теңге мөлшерінде дербес төлеуші ретінде төлем жасау қажет.
Сіз БЖТ төледіңіз, бірақ МӘМС жүйесіндегі мәртебе «сақтандырылмаған» болып шығады. Неге және не істеу керек?
Егер сіз БЖТ үшін алғаш рет төлеген болсаңыз немесе салыстырмалы түрде жақында төлей бастасаңыз, бірыңғай ақпараттық жүйе 2020 жылдың қаңтарынан бастап алдыңғы айлар үшін жарналарды төлегенге дейін «сақтандырылмаған» мәртебесін береді. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастаған сәттен бастап.
Егер сіз БЖТ-ны жыл басынан бастап үзіліссіз ай сайын төлесеңіз, бірақ бұл ретте сізде «сақтандырылмаған» мәртебесі болса, Халыққа қызмет көрсету орталығында («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) төлем өткендігін нақтылау қажет. Көбінесе жарналар төлеу кезінде қате көрсетілген деректер себеп болады. Болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіңіз немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауыңыз немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгінуіңіз қажет. Әрбір жағдай себептері әртүрлі болғандықтан, жеке қарастырылады. Каждый случай рассматривается в индивидуальном порядке.
БЖТ-ны бірнеше ай бұрын алдын ала төлеуге бола ма?
Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып танылады және төлем жүргізілген күннен бастап және бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін «сақтандырылмаған» мәртебесін алады. Сондықтан төлемді уақтылы және ай сайын жүргізу қажет. Алайда, мүмкін болса және төлеушінің қалауы бойынша келесі айлар үшін төлемдер жасауға рұқсат етіледі.
Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.
Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот «сақтандырылмаған» деп көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз.
Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды.
Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды.
Не істеу керек? Алдымен айларға бөлінген өз төлемдеріңіздің үзіндісін алу қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, АҚС шарты бойынша қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 айға жарналар төленуі керек. Егер сіз жалдамалы жұмысшы болсаңыз, соңғы 12 айда аударымдар болуы қажет. Егер бір немесе бірнеше ай ішінде аударымдар болмаса, төлем жасалмаған ай үшін төлеу керек немесе жұмыс берушіңізге барып, бар қарызды өтеуді сұрау керек. Естеріңізге сала кетейік, жарналарды уақтылы төлемейтін ЖК мен жұмыс берушілер үшін әрбір мерзімі өткен күн үшін, төлем күнін қоса алғанда, берешек сомасының 1,25% мөлшерінде айыппұлдар мен өсімпұлдар қарастырылған. Егер жарналар мен аударымдар бойынша олқылықтар болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1406 нөмірі бойынша хабарласу немесе телеграмм ботта сұрау қалдыру қажет. Сіздің өтінішіңіз жеке қаралады.
Екінші себеп. 42,5 мың теңге біржолғы көмек төлеуге байланысты қазақстандықтардың көпшілігі сәуір-мамыр айларында бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастады, осылайша өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санатына жатқызылды. Айта кетейік, 2 626 теңгенің тек 40%-ы немесе 1,1 мың теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмсалады, қалғандары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры( МӘСҚ), зейнетақы қоры мен салық төлемі арасында бөлінеді.
БЖТ міндетті төлемдермен, оның ішінде бюджетке байланысты төрт мәселені бірден шешсе де, көптеген адамдар оны төлеуді жалғастырмауды жөн көрді. Сонымен бірге, «бір реттік» төлеушілердің көпшілігі бұл төлем оларға алдын-ала бір жыл үшін сақтандыру мәртебесін беретініне сенімді. Бұл олай емес. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын және тұрақты, үзіліссіз төлеу қажет. Егер сіз осы сегіз ай ішінде тек бір рет немесе екі рет төлесеңіз, оны Қор қарыз ретінде қарастырады.
Не істеу керек? Алдыңғы айлар үшін жарналарды төлеу жүргізілетін кезеңді көрсете отырып, дербес төлеуші ретінде 2125 теңге мөлшерінде жеке төлемдермен төлеу қажет. Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына қолма-қол ақшамен де, банктік аударым арқылы да екінші деңгейдегі банктердің немесе «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы, сондай-ақ Qiwi және Kassa 24 терминалдары, Халық банкінің терминалдары және Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей аласыз. ЕДБ кассалары арқылы төлеу үшін деректемелерді ӘМСҚ www.fms.kz, сайтынан білуге болады.
Үшінші себеп. Карантиндік шараларға байланысты жұмыс беруші қызметкерлерді жалақысыз демалысқа уақытша босату туралы шешім қабылдады, сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды тоқтатты. Айтар болсақ, бүгінгі күні шамамен 4,5 миллион адам жарналарды өз бетінше төлемейді, олар үшін жұмыс беруші жасайды.
Не істеу керек? Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірден бастап ірі бизнес өз қызметкерлері үшін 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін 29 қызмет бағыты бойынша аударымдар төлеуден толық босатылды. Осы кәсіпорындардың қызметкерлері олар үшін аударымдар түскеніне немесе түспегеніне қарамастан, осы кезеңге дейін сақтандырылған болып саналады.
Егер сіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылған компанияда 1 қазанға дейін жұмыс жасасаңыз да, өзіңіздің сақтандырылушы мәртебеңіз жоқтығын білсеңіз, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеп алуыңыз керек, «ШОБ қызметкерлері үшін» қосымша бетін ашып, ұйымыңыздың БСН көрсетіңіз, лауазымға тағайындау туралы бұйрықты жүктеп, сұраныс жіберіңіз. Ол 30 минут ішінде өңделеді. Егер МКК деректері бойынша БСН МӘМС төлеуден босатылғандар тізіміне енсе, онда азаматқа 1 күнтізбелік айға сақтандырылған мәртебесі беріледі. Осы уақыт ішінде оның жұмыс берушісі тізімді жаңартуы керек. Ол үшін сіз Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтына кіріп, арнайы сілтемені немесе www.msb.fms.kz сілтемесін қарап, ЭЦҚ қолдана отырып, өз қызметкерлеріңіздің деректерін жүктеуіңіз қажет. Атап айтқанда, тізімдерді ай сайын жаңартып отыру керек.
Төртінші себеп. Сіз жұмыссыз қалдыңыз және МӘМС үшін жарна төлеуге еш мүмкіндігіңіз жоқ.
Не істеу керек? Естеріңізге сала кетейік, мемлекет МӘМС жүйесінің негізгі қағидатын ұстанады, бұл ынтымақтастық болып табылады және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан 11 миллион азаматқа аударымдар жасайды. Бұл азаматтардың 15 жеңілдік санаты, оның ішінде балалар, студенттер, көп балалы аналар, жүкті әйелдер және жұмыссыздар. Сондықтан, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз және қазіргі уақытта ӘМСҚ-ға жарна төлей алмасаңыз, жергілікті атқарушы органның жанындағы жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелуіңіз керек. Сіздің мәртебеңіз келесі айдан бастап автоматты түрде «сақтандырылған» болып өзгереді.
Бесінші себеп. Сіз азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының біріне жатасыз, бірақ бұл туралы білмейсіз. Сіз біраз уақыт жарналар төлейсіз, содан кейін объективті себептермен тоқтатасыз. Мемлекет сіз үшін жарналарды төлей алмайды, өйткені сіздің мәртебеңіз автоматты түрде тәуелсіз төлеуші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып өзгерді.
Не істеу керек? Сіз өзіңіздің медициналық ұйымыңыздың Пациентті қолдау қызметіне жүгінуіңіз керек, онда қызметкерлер әр жағдайда маршрутты жеке түсіндіреді. Сондай-ақ, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға, 1406 медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына немесе өз өңіріңіздегі Қордың филиалына қоңырау шалуға болады.
Алтыншы себеп. Жарналар мен аударымдарды төлеу кезінде қате көрсетілген деректер, не жеткіліксіз сома.
Не істеу керек? Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласып, төлем туралы түбіртек ұсынуыңыз керек. Содан кейін қаражатты қайтаруға өтініш жазыңыз және қарызға рұқсат берілген айлар үшін жарналарды қайта төлеңіз.
Есіңізде болсын, егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.