Үлгі, кез келген нысанда құрастырылады
Экономиканың басым секторларының тізбесі
"Бастау Бизнес" микрокредит беру шарттары "Атамекен Қызылжар" Микроқаржы ұйымы" ЖШС
21 мамыр 2018 жыл
Жаппай жұмыспен қамту және көпшiлiктiң кәсiпкерлiкпен айналысуы бағдарламасы шеңберiнде iске асырылатын жобаның негiзгi мақсаты — ауыл тұрғындарын кәсiпкерлiк дағдыларына, соның iшiнде ауыл шаруашылық кооперативтерiн қалыптастыру принциптерiне оқыту, сонымен қатар бизнес-жобаларды сүйемелдеу. Жобаға қатысудың мiндеттi шарты кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға ынталандыруды анықтауға тестiлеуден өту болып табылады.
Оқытудың алғашқы легiнде өз бизнесiн құру дағдыларын меңгеруге ниет бiлдiрген 27 ауыл тұрғыны болса, оның 19-ы оқытуды аяқтады, 9-ы миерокредит ресiмдеуде.
Жоба шеңберiндегi оқыту оқу жоспарына сәйкес қазiргi заманғы әдiснамаларды қолдану жолымен интерактивтi нысан бойынша бизнес-жаттықтырушымен өткiзiледi.
Оқыту үдерiсiнде жоба қатысушыларына кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу негiздерi, соның iшiнде салық салу тәртiбi, маркетинг негiздерi бойынша ақпарат ұсынылады.
Оқыту кезеңiне Кәсiпкерлер палатасының аудандық филиалы жанындағы комиссияның жобасы шеңберiндегi, сонымен қатар тиiстi қаржы институтының кредит беру комиссиясы шеңберiнде бизнес-жобаны алдын-ала қорғау мақсатында қосымша түрде көпшiлiк алдында сөз сөйлеу дағдылары енгiзiледi.
Бүгiнгi күнге екiншi оқыту легiне адам жинақтау жүрiп жатқандығын хабарлаймыз, ол 2018 жылғы 28 мамырдан басталады. Өтiнiмдi халықты жұмыспен қамту орталығы немесе Кәсiпкерлер палатасы филиалына беруге болады.



