«Блок» ЖШС гидрооқшаулауға арналған мынадай маркалы материалдар өндiредi және ұсынады:
Материалдарiргетасты, қабатаралық жабындарды, қабырға, паркинг, шатырларды әртүрлi қатты жылуоқшаулағыш материалдармен бiрiктiруде гидро — жылу оқшаулау үшiн қолданылады.
«РИЗОЛИН» АС материалын iргетасты гидро- жылу оқшаулау үшiн пайдалану былай жүргiзiледi:
Жапсырылатын беттi шаңнан тазартып, беттi битумды праймермен тегiстеу қажет, гидрооқшаулайтын беттiң бiр жағынан «РИЗОЛИН» АС гидрооқшаулағыш материалының жабысқақ жағының бiр бетiн келтiрiп жапсырамыз, екiншi жағынан қыздырғыш салынады және бастырылады (желiмделу үшiн) қосымша бекiтпе құралдарсыз (дюбель шегелер, мастикалар, қыздырылған битум, желiм және т.б.), одан әрi қарай гидро-жылуоқшаулау нүктелi қысымнан және топырақпен жабылған кезде бүлiнбеуi үшiн профильденген мембранамен жабылады.
Паркингтiң пайдаланылатын шатырын гидрооқшаулау екi қабат жүргiзiледi төменгi қабат ретiнде «РИЗОЛИН» АС, ал жоғарғы қабат ретiнде «РИЗОЛИН ПАРКИНГ» қолданылады бұдан әрi қарай бұған дейiнгiдей тәсiлмен қажетiнше жылытуға болады. Жұмыс аяқталғаннан соң гидро-жылуоқшаулағыш үстiнен бетон тартпа салынады.
«РИЗОЛИН» гидро-жылуоқшаулағыш материалдарының гидро-жылуоқшаулаудың мұндай тәсiлi кезiндегi басымдықтары мынадай: