http://haqjoly.kz/2019/05/21/%d0%bf%d1%81

арқылы haqjoly.kz
10.04.2020
http://haqjoly.kz/2020/04/10/%D0%B8

арқылы haqjoly.kz
11.03.2020
http://haqjoly.kz/2020/03/11/%d1%82%d0%b0%d0%b1%d0%bb%d0%b8%d2%93%d0%b8-

арқылы haqjoly.kz
02.03.2020
http://haqjoly.kz/2020/03/02/%d0%bc%d0%b5%d0%bd-d/

арқылы haqjoly.kz
24.02.2020
http://haqjoly.kz/2020/02/24/%d0%b4%d3%

арқылы haqjoly.kz
20.02.2020
http://haqjoly.kz/2020/02/20/%D0%B6%D0%B

арқылы haqjoly.kz
17.02.2020
http://haqjoly.kz/2020/02/17/%d0%b0%d2%9b%

«Салафизм батпақ сияқты, кірсең шығу қиын»: намазхан жігіттің мұңы (ZIP 62 Kb)
https://www.facebook.com/100020970877298/videos/486629385379420/?id=10001
https://www.facebook.com/100020970877298/videos/484023462306679/?id=1000160
Абай «Өз сөзiм — өзiмдiкi» немесе Хакiм рухымен (ZIP 68 Kb)
Қара жамылғандар адамды дiннен бездiруде (ZIP 76 Kb)
Псевдосәләфизм ағымының өкiлдерi есiрткiмен әуестене ме? (ZIP 11 Kb)
Фанатизм — дәстүрлi дiннiң қас жауы (ZIP 22 Kb)

«Дiнi бар да, ұлты жоқ, сақалы бар да, мұрты жоқ. Теке сақал, қырма мұрт, елдiң түбiне сол жетер». Асыл дiннiң атын жамылып, түрлi ағымға байланған қандастарымыздың қатары көбейген сайын әулие Мәшһүр Жүсiптiң осы бiр ауыз сөзi бүтiн бiр ұлт тағдырын таразыға тартып тұрғандай көрiнедi. Ықылым заманнан берi дiн мен дәстүрдiң арасына сына қағып көрмеген Алаш баласы ала тайдай бүлiнетiндей не күн туды басына? Жоқ әлде, салтта — сабақтастық, дәстүрде жалғастық барын қаперiмiзден шығарып алғанымыз ба?
Ауылдағы ақсақалға амандаса барып, «Қашаннан берi мұсылмансыз?» десеңiз, «Әлiмсақтан берi мұсылманмын» деп қысқа қайырар едi. Бүгiнде осы «әлiмсақ» сөзiн «көнеден, ертеден» деп ұғынамыз. Ол да ақиқат. Бiрақ «әлiмсақтың» тамыры одан да тереңде жатқанын бiлген абзал. Әсiлiнде «әлiмсақ» сөзi алдымен «әлмисақ», оған дейiн «мисақ» болғанын бiреу бiлсе, бiреу бiле бермейдi. Мисақ — адам мен Алла арасындағы алғашқы ант. Яғни, дана халқымыз есте жоқ ескi заманнан берi мұсылман екенiмiздi ескертiп қояды.
Биыл мәдени құндылықтарымыздың мәйегiне айналған Тоныкөк ескерткiшiнiң 1300 жылдығы UNESCO көлемiнде атап өтiлмек. Бiр кездерi Орхон мен Енисей өзендерi алқабынан табылған таңбалы таста тарлан тарихымыздың тамыры лүпiлдейдi. Түбi бiр түркi халықтарының төл мерейi бұл. Елтерiс пен Бiлге қағандарға кеңесшi болған Тоныкөк бабамыздың дария-даналығы бүгiнгi ұрпаққа бүтiн бiр алып тас, еңселi ескерткiш болып жеткен.
Өрлiгiмiз бен ерлiгiмiзге осындай таңбалы тастар мен жақпардағы жазулар куә! Бiлге қаған қашап қалдырған бiр ауыз сөзiнде «Ей, Түрiк! Жоғарыда аспан құламай, төмендегi жер тесiлмей, сенiң мемлекетiңдi, әдетiңдi кiм жоя алады?!» дейдi. Бұл жерде «әдет» деп отырғаны сан ғасырмен сабақтас әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүрiмiз. Соны жоятындар ұлты мен салтынан безiнген, жат ағымның жетегiнде жүргендер болса керек. Осы қатардағылар «Аспан құламай, жер тесiлмей», өзгенiң айтағына ерiп, төл мемлекетiнiң қауiпсiздiгiне сына қағатынын бiлсешi.
Бүлдiргi ағымдардың уағызына ден қойып, айдың-күннiң аманында бейбiт өмiрден безiнiп, отбасын оққа байлағандар аз болмай отыр. Бiр ғана мысал, «Жусан» операциясы арқылы Сириядан Отанына оралған Жанна есiмдi қандасымыз Таяу Шығыста өткiзген 5 жылда небiр сұмдықтың куәсi болғанын айтады.
«Аяғым ауыр кезде күйеуiме туған топырағыма оралғым келетiнiн жеткiздiм. Ол бас тартты. Өзiм кетсем де, баламды тастап кетудi талап еттi. Өзi болса осы жақта өлуге бекiгенiн айтты. Ақыры солай болды да. Таяу Шығысқа алғаш табан тiрегенiмiзде бәрi әдемi көрiндi. Дүние-мүлкi бар баспанамыз болды. Ештемеден тарықпадық. Әйел адам болған соң, қызыққанымды жасырмаймын. Жақсы жағдайды кiм жатсынсын? Кейiн, Ракка қаласында болған кезде небiр қуыстармен жүруге тура келдi. Ол жерде адамдардың бастары iлiнiп тұрды. Соны көрiп қатты жыладым», дейдi отандасымыз.
Ұлтқа төнген алапат қасiрет бұл! Әйтпегенде, атты әскерi алты құрлық билеушiлерiнiң түн ұйқысын қашырған бағзы бабаларымыз — түркiлердiң қаһарынан үрiкпеген ұлт пен ұлыс кемде-кем жер бетiнде. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрiк» еңбегiнде: «Ұлы Тәңiр айтады: «Менiң бiр тайпа қосыным бар. Оларды «Түрiк» деп атап, Күншығысқа қоныстандырдым. Бiр ұлысқа ашуланып, назалансам түрiктердi соларға қарсы саламын» дейдi. Осы ойын жалғастырып: «Түрiктер — көрiктi, өңдерi ұнамды, жүздерi мейiрiмдi, әдептi, үлкендердi құрметтей бiлетiн кiшiпейiл, уәделерiне берiк тұратын мәрт…» дегенi тағы бар.
«Жүздерi мейiрiмдi, әдептi, үлкендердi құрметтей бiлетiн кiшiпейiл, уәделерiне берiк тұратын мәрт». Мұсылмандықтың мұраты да, негiзгi қағидаты осы емес пе? Әкенiң қаны, ананың сүтiмен сiңген дара қасиет келе-келе салт-санамызға айналды. Әдет-ғұрып болып қалыптасты. Көнекөз қариялардың осыны меңзеп, «әлiмсақтан мұсылманбыз» деуiнiң астарлы ақиқаты — мiне сол!
М. Қашқаридың сөзiне күмәнданбас үшiн түркiлер тұрғысындағы хадистердi қазбалап көрейiк.Байқағанымыздай, бiр емес бiрнеше хадис-шариф бар екен. Соның бiрiнде Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерiн сақтаушы сахаба Әбу Хурайра былай дедi: Алла Елшiсi (оған Алланың игiлiгi мен сәлемi болсын) айтты: «Сендер қысық көздi, қызыл шырайлы, таңқы мұрынды, бет-жүздерi қабат-қабат терi қапталған қалқан тәрiздi түрiктермен соғыспайынша қиямет-қайым болмайды. Сондай-ақ сендер аяқтарына жүннен киген бiр қауыммен соғыспайынша қиямет болмайды» (Сахих әл-Бұхари). Ендi бiр сөздерiнде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Өлкенi (дұшпандарға қарсы) қорғаудың күшi онға бөлiнедi: Оның тоғызы түркiлерге, қалғаны өзге ұлттарға берiлдi» (ат-Табари). «Түрiктер сiзге тиспейiнше байқаңыз, сiздер де түрiктерге тиiспеңiз. Өйткенi Алланың үмбетке берген бұл мүлкi (байлық) мен салтанатын алғаш болып Қантураұлдары тартып алады» (ат-Табарани) дейдi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) түркi халқымен соғыспай, оларды жақын тартуының бiр мәнi Тәңiрiнiң «Күншығысқа қоныстандырған қосынының» өмiр-салты, әдет-ғұрпы мұсылмандық қағидаттармен әу бастан-ақ ұштасып жатқанын аңғартса керек. Әйтпегенде, Жер-Ана төсiнде түркiлерден өзге ұлт пен ұлыс аз ба? Жоқ! Қасиеттi Құранда Алла Тағала: «Әй адам баласы! Шүбәсыз сендердi бiр ер, бiр әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бiр-бiрiңдi тануларың үшiн сендердi ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксiз Алла толық бiлушi, әр нәрседен хабар алушы» (Һужурат сүресi, 13-аят) деген едi.
Ұлт пен ұғым. Дiн мен дәстүр. Осынау төрт сөздiң төркiнiн түсiнiп, ел игiлiгiне айналдыру да оңайға соққан жоқ. Әр халықтың өз дүниетанымы, төл түсiнiгi, үкiлеген ұстанымы бар. Сонда қайтпек керек? Барлық халық, мәселен, бiр ғана араб ұлтының дүниетанымымен өмiр сүретiн болса Жаратқанның «бiр-бiрiңдi тануларың үшiн сендердi ұлттар, рулар қылдық» дегенiн қайда қоямыз? Олай болуы да мүмкiн емес едi. Сондықтан әр ұлттың әдет-ғұрпы ескерiлуi керек-тi. Олардың тек өзiне ғана тән тариқаты қажет болды. Тариқат, шариғат сөздерi араб тiлiнен тәржiмалағанда «жол» мағынасын бередi. Ендеше, әр халықтың өз жолы бар.
Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы шығарған «Дiн мен дәстүр» кiтабында «Мұсылман шариғатында адамдардың еркiне қалдырған мубах яки ерiктi iстерi бар. Мысалы, тойларды, мейрамдарды өткiзу жолдары, салт-жоралғылары әрбiр халықта әркелкi. Олардың бәрiн шариғатқа сай келмейдi деп айтуға болмайды» делiнедi. Ендеше, келiннiң бетiн ашу, домбыра шерту, өмiрден озған адамның жетiсiн, қырқын, жылын беру шариғатта болмағанымен, «ерiктi iстер» деп қабылдауға болады. Осы кiтапта айтылғандай «Ұлттық ерекшелiктерге, тiлдiк ерекшелiктерге қарсы шығу, оларды дәл арабтардыкiндей етуге тырысу барып тұрған надандық».
Мәселен, қазақ халқы жетi атаға жетпей қыз алыспайды. Дана халқымыздың қасиетi де, келер ұрпағына жеткiзген өсиетi де осы. Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында қыз алысып, қыз берiскен құдандалығымыздың арқасында тiлiмiз бүлiнбей, салтымыз сарқылмай келедi. Ардақ тұтқан әдет-ғұрпымыз да, дiни сабақтастық та осылай сақталды.
Қазақ халқы үшiн қатаң қағида, қастерлi ұғым — өзге ұлттарға тән емес. Сол сияқты, өзге халықтардың да дара дәстүрi бiз үшiн адамгершiлiктiң өлшемi болған жоқ. Дiн ортақ болғанымен, сан түрлi салт, әлденеше әдет-ғұрып бар. «Салт-дәстүрiн ел бұзбас, уәде-сертiн ер бұзбас» дейдi қазақ жұрты. Ендеше, бiр халықты бiр халықтан ерекшелейтiн дiн емес, дәстүр болғаны ғой.
Бұл күнi қазақ қоғамында айрандай ұйыған ұлттың iргесiн сөгiп, iрiткi салғысы келген уаххаби-салафилер қатары көбейiп барады. Өкiнiштiсi сол, осы сор-соқпақта сандалғандардың басым-көпшiлiгi — жастар. Араб дәстүрiндемiз деп байбалам салып, қазақтың өзiне ғана тән болмысын бүлдiрiп әлек. М. Жүсiп айтқандай, «Дiнi бар да, ұлты жоқ»! «Елдiң түбiне солар» жетпесе екен деймiз. Деймiз де, қазақы наным-сенiмi жоғалған адамды қазақ деуге қалай аузымыз барады? Сақтардың салтын, ғұндардың ғұрпын, түркiлердiң таным-түсiнiгiн ұстанған ұлт емес пе едiк? Қазақ ұғымы тарих сахнасынан бiржолата жойылып кетпеу үшiн де жастарымызды, дара дәстүрiмiздi көздiң қарашығындай қорғау керегiн ұғынар кез келдi. «Ең мықты заңдар халықтың дәстүрлерi» (Конфуций) екенiн ұрпақ құлағына құюдың маңыздылығы күшейдi.
Шәкәрiм Құдайбердiұлы: «Қазақтың түп атасы — батыр Түрiк, «Арабсың» деген сөздiң түбi шiрiк. «Пәленше сахабаның затысың» деп, Алдаған дiн жамылған өңкей жүлiк» деп толғайды. Жат ағымның жетегiнде кеткендер араб емес, түбiмiз — түрiк, қанымыз — қазақ екенiн осыдан-ақ ұғынар едi. Себебi дiн — дiңгек дегенiмiзбен, салт-дәстүрден аулақтаған болса, ол да «ұстай бiлсең — қасиетiң, ұстай бiлмесең — қасiретiң»…
Рауан Қабидолдин
Egemen Qazaqstan
Тимирязев ауданында екi дiндер бiрлестiгi бар:
1. Республикалық ислам дiни бiрлестiктiң филиалы «Қазақстан мұсылманының рухани басқармасы» «Тимирязев» аудандық мешiтi.
Пән және жергiлiктi дiни филиалдың қызметiнiң мақсаты: Құдыреттi Аллахтың сөзiнен тiрiлтушi-жаратушы мұсылманының ислам сенiмнiң бiрлiгiне себеп болған. Дiнге сенушi бағыт — Ханафит мазғаба исламы. Аудандық мешiттiң бастығымен молда Шоқан Сәдуақасұлы Ташев болып табылады.
2. Жергiлiктi православиелiк дiни бiрлестiк ұлыақырет Солунсков Димитрий пiрәдарының Петропавлдық және Булаев епархиялары храмына кiрiсi. Пән және жергiлiктi дiни филиалдың қызметiнiң мақсаты: Дiни еркiндiк құқығының жүзеге асуы және Христиандық православиелiк сенiм тарату.
Шымкенттiк және Ақмола епархиясының А. Елевферия кiрiсiмен 2010 жылдың 1 қазанының №186 бұйрығымен монастырь бастығы мiндетiне Кайдаш Евгением Васильевич бекiтiлдi.
«Iшкi саясат бөлiмi» ММ
| № | Діни бірлестіктің атауы, филиалдың | Тіркеу № | Мекен-жайы, діни бірлестіктің орналасқан жері | Діни бірлестіктің бастығының Т.А.Ә. | Күні және туған жері | Білім (зайырлы және рухани), қандай оқу мектеп және қашан бітірді | Үйдің мекенжайы, контактілі телефондар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 1 | Мұсылман діни бірлестік: «Қазақстанның мұсылманының рухани басқармасының филиалы» | Куәлік 080541010827, Регистрациялық нөмір 1745-1948-Ф-л, 18.09.2012 ж. |
СҚО, Тимирязев селосының, Тимирязев ауданы, Жеңіс көшесі, 2А. | Аудандық мешіттің имамы Пиримқұлов Ақан Тагайбар ұлы |
Туған жері: СҚО, Петропавл қаласы, 07.12.1981 ж. | Жоғарғы рухани, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институты, 2009 ж. | СҚО, Тимирязев селосы, Тимирязев ауданы, Северная 5 көшесі, үй. тел.: 8-715-2-14-90 сот.: 87751812120 |
| 2 | Киелі ұлыақырет Солунск Димитрийдың кірісі | Куәлік 100440022957, Регистрациялық нөмір 10998-1948-РО, 25.09.2012 ж. |
СҚО, Тимирязев селосы, Тимирязев ауданы, Женіс көшесі, 2А. | Кайдаш Евгений Васильевич — иерей | Петропавл қаласы, 1974 жыл 12 сәуір | 1991 ж. — ПТУ-11 кәсіби техникалық училищесі, Шымкенттік және Ақмола епархиясының А. Елевферия кірісімен 2010 жылдың 1 қазанының №186 бұйрығымен монастырь бастығы міндетіне Кайдаш Евгением Васильевич бекітілді |
Шал акын ауданы, Сергеевка қаласы, сот.: 87053365307 |
| № | Ғибадаттың нысанының, ғимараттың атауы | Діни бірлестіктің атауы, нешінші ғибадаттың нысаны қарайды (ДБ басшысының Т.А.Ә., контактілі телефондар) | Регистрация күні және ғибадат нысанының, ғимараттар | Пайдалану құқығы | Жердің телімінің меншік иесі туралы деректерлер, пейілді ғибадаттың нешіншіденысаны (Т.А.Ә. мекенжай және заңды немесе жеке беттің атауы, контактілі телефондар) | Ғибадаттың нысанының құрылысының түбі (сату-сатып-алу, сыйға тарт-, және басқада. нормативтік актілері) | Мекенжай, ғибадаттың нысанының, ғимараттың орналасқан жері | |
| Жердің телімінің ауданы | Шіркеу діни қауымы қандай санына ғибадаттың ғимараты өлшеулі | |||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| Тимирязев ауданының мешіті | Мұсылман діни бірлестік: «Қазақстанның мұсылманының рухани басқармасының филиалы» | 1745-1948 Ф-л 18.09.2012 ж. |
Жерді пайдалану Мезгілдіктің өтемелі | Корпоративтік қор «Тимирязев ауданның әлеуметтік құрылымының жақсартуы және Сүйеніштің және қолғабыстың қоры» | 2007 жылғы 19 шілдедегі Тимирязев ауылдық округінің әкімінің №49 шешімі, 2008 жылдағы 18 желтоқсандағы №79 шешімінен | 0,5625 га | 200 | |
| Тимирязев селосы Шіркеу | Солунск Димитрийдің Ұлыақырет Пірәдарының кірісі | 10998-1948-РО 25.09.2012 ж. |
Жерді пайдалану Мезгілдіктің өтемелі | 100 | ||||
| № | Құқық бұзушылық, мамандық, істеу жері және уақыты | Құқық бұзышылық істеу беті | Орган, қықбұзушылықтың айқындары | Жауапкершілік, шара қолдану (адм. Жаза жіне т.б.) | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Тимирязев ауданында Құқықбұзушылықтар тіркелмеген | - | - | - | - |