Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
Ұйымның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 151100, Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Б. Момышұлы көшесi, 29.
Жұмыс телефоны, электрондық мекенжайы: 8(71537) 7-90-49, kgucmitimir@mail.ru
Өз қызметiн ұйым 2013 жылғы 28 желтоқсаннан бастады. Ұйымның штаты 3 адамнан құралған: директордың м. а. Ж. Б. Жолкенова, әдіскер-кеңесші Қ. М. Маликов, есепшi Р. А. Еремеева.
Орталықтың мiндетi: СҚО мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру аясында жастармен атаулы жұмыс жүргiзу.
Орталық қызметiнiң мақсаты: жастар саясаты саласының негiзгi бағыттарын жүзеге асыру.
Жастар — еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Заңнамаға сәйкес жастарға 14 жастан 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары жатады.
Қазіргі уақытта Тимирязев ауданындағы жастар санаты 1250 адамды құрайды. Жастармен жұмыстың негізгі нысандары: атаулы жұмыс, консультациялық көмек көрсету, жастардың қажеттіліктері негізінде әлеуметтік жобаларды іске асыру, бос уақытты ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастар волонтерлігін дамыту және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
2015 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен жастар қатынастарының саласын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық құжат болып табылады, онда жастарды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары, міндеттері, бағыттары, сондай-ақ тетіктері, оның әлеуметтік және саяси құқықтары айқындалған.
Қолжетімді және сапалы білім, жұмыстың, тұрғын үйдің болуы маңызды құрамдас бөлігі, сондай-ақ жастар саясатының негізгі мәселелерінің бірі жұмыспен қамту болып қала береді. Жас қазақстандықтардың өзекті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған қолдау құралдары әзірленді.
Ауданда жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру шаралары жүзеге асырылуда.
2022 жылы «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары жүзеге асырылды.
2021 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 13 адам өтініш білдіріп, оның 13-і жұмысқа орналастырылды. 2021 жылы 2 жәрмеңке өткізілді, оған жастар арасынан 27 адам қатысты. 2022 жылы 1 жәрмеңке ұйымдастырылды. 2021 жылы 3 дөңгелек үстел, 2 рет таза аула акциясы, жастар орталығы атынан 2 байқау, 1 рет КВН ойындары өтті. 2022 жылы жұмысқа орналасу бойынша жастар тарапынан 10 адам өтініш қалдырды.
Аудан аумағында Тимирязев агротехникалық колледжі орналасқан, ол жастарды «ауыл шаруашылығын механикаландыру», «тамақтандыруды ұйымдастыру», «дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша оқытады. 2020-2021 оқу жылында студенттер саны 122 адамды құрады.
Волонтерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын құқықтық қатынастарды тиімді реттеуді қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы желтоқсанда «Волонтерлік қызмет туралы» Заң қабылданды, оның шеңберінде волонтерлік қызметті қолдаудың мақсаттары мен міндеттері, қағидаттары, нысандары мен түрлері, сондай-ақ шаралары белгіленген.
Орталықта 15 ерікті белсенді жұмыс атқаруда. Жастар ресурстық орталығы аудан еріктілермен бірлесіп қарттар мен мүгедектер күнін, Отбасы күнін, Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында онлайн, офлайн іс-шаралар өткізді; жалғыз тұратын адамдардың үйіне бару, Білім күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша «Мектепке жол» акциясы шеңберіндегі көмек, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен заттар жинау бойынша «Хелпер» атты қайырымдылық көмегі, оның ішінде қоныс аударушыларға көмек көрсетілді. Қоғам ерекше азаматтар туралы естен шығармайды. Аудан еріктілері әрқашан қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмекке келуге дайын.
Ақпараттық, консультациялық сүйемелдеу, жастар бастамаларын қолдау және қызметтің басқа да форматтары арқылы жастармен тікелей жұмысты жүзеге асыратын басты ұйымдастырушы - Жастар ресурстық орталығы болып табылады.
Ауданда Жастар ісі жөніндегі кеңестер құрылып, жұмыс істеуде. «Игі істер марафоны» акциясы шеңберінде 40 игі іс жасалды.
Аудандық «Нива» газетінде есепті кезеңде «Жақсылық жасап жарысайық», «Ауданда жастар саясаты жүзеге асырылуда», сонымен қатар «Адал көмек» тікелей эфиріне шығу тақырыбында 2 мақала жарияланды.
Тимирязев ауданы әкімінің жанынан Жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңес құрылды.
«Жастар-2025» аудандық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Тимирязев ауданында 2025 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспары әзірленді және бекітілді.
Көшбасшысы С. Г. Соболевская болып табылатын «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қатарындағы жастар саны — 60 адам.
Ауданның Жастар ұйымдары: «Көшпенділер» Қоғамдық жастар бірлестігі (жетекшісі Мужикенов Алибек), 16 ауылдық округтегі Жастар ісі жөніндегі кеңестер, 17 әскери-патриоттық клуб және 18 мектептегі балалар ұйымдары.
2021 жылғы 1 қаңтар жағдайына ауданда 97 спорт ғимараты, оның ішінде 21 спорт залы, ату тирі, шаңғы базасы, хоккей қораптары және 41 жазықтық құрылыстары жұмыс істейді: 26 волейбол және баскетбол алаңы, 2 стадион және 14 футбол алаңы, 1 жабық корт. Сонымен қатар, ауданда жастар үшін 13 мәдени нысан жұмыс істейді, оның ішінде 1 — мемлекеттік кітапхана, 10 — бос уақыт мекемелері, 2 — жеке меншік клуб. Ауданда 19 этно-мәдени орталық жұмыс істейді. 33 клубтық құрылым (би үйірмелері, көркемөнерпаздар ұжымдары) құрылды. Аудандық «Нива» газетінде жастар үшін «Менің елім — Қазақстан!», «Оқуға қайда бару керек?», «Салауатты өмір салты үшін», «Дипломмен ауылға!», «Асыл мұра» айдарлары бойынша мақалалар жарияланады.
2022 жылға жоспарланған жұмыс барысында дебаттық клубтар санын көбейту, пробация және қиын жасөспірімдермен түсіндірмелі жұмыстар, төтенше жағдайлар қызметімен түсіндірмелі шаралары, ауылдық округтердегі жастар кеңесшілеріне жастар жұмысы жөніндегі тренинг жұмыстарын өткізу. Жыл басына жоспарланған КВН ойындарында қазақ және орыс тілдерінде 2 команда дайындау, NEET санатымен жұмыс қолға алынбақ.
Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң «Жастар бастамалар орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекеме.
Ұйымның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 151100, Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Б. Момышұлы көшесi, 29.
Жұмыс телефоны, электрондық мекенжайы: 8(71537) 7-90-49, kgucmitimir@mail.ru
Өз қызметiн ұйым 2013жылғы 28 желтоқсаннан бастады. Ұйымның штаты 3 адамнан құралған: директордың м.а. О.Ж. Ұзақов, жаттықтырушы-консультант Ә.Б. Айсина, есепшi Ә.С. Байпишева.
Орталықтың мiндетi: СҚО мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру аясында жастармен атаулы жұмыс жүргiзу.
Орталық қызметiнiң мақсаты: жастар саясаты саласының негiзгi бағыттарын жүзеге асыру.