19 маусым 2019
Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес өткiзiлдi.
Ел Президентiнiң сайлауында сайлаушылардың өз еркiн бiлдiруiнiң нәтижелерiне күмән тудыруы мүмкiн бұзушылықтар болған жоқ.
Сайлау кезеңiнде прокуратурамен 36 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалып, сотқа жiберiлдi. Олардың 30-ы соттармен қаралды, 6-ы қаралуда.
Басқа адамдар үшiн дауыс беру мүмкiндiгiн жасау мақсатында азаматтарға бюллетеньдер бергенi үшiн учаскелiк сайлау комиссиясының 11 мүшесi ӘҚБтК-нiң 110-бабы бойынша жауапкершiлiкке тартылды. Оларға 25 АЕК көлемiнде айыппұл салынды.
9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшiн ӘҚБтК-нiң 108-бабы бойынша айыппұл салынды (бiр сайлаушы — бiр дауыс — бiр бюллетень). Негiзiнен олар отбасы мүшелерi үшiн бюллетеньдер алған. Бұл Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркiстан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 iс Жамбыл облысының мамандандырылған әкiмшiлiк сотының қарауында.
Прокуратура органдарымен бiрқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтiк желiлерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де бұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексерiс жүргiзiлуде. Мәлiметтердiң көпшiлiгi расталмады.
Көптеген бейнежазбаларда оқиғалар болған учаскелер, аудан, қала, облыс туралы деректердiң жоқтығына байланысты қалған фактiлер бойынша жұмыстар одан әрi жалғасуда.
Тексеру қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кiнәлi тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдар сотқа берiлетiн болады.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметi