«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2020 жылғы 7 желтоқсан күні Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы 3 адамнан тұратын «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының берілген Тимирязев аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың келесі құрамындағы партиялық тізімін тіркеді:
1. Алиев Ничат Зияддинович, 10.01.1981 ж.т., «Мерей» кредиттік серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы, Тимирязев ауданының Тимирязев ауылында тұрады;
2. Барабаш Иван Николаевич, 08.11.1992ж.т., «Мерей» кредиттік серіктестігі» ЖШС кепілдік қамтамасыз ету маманы, Тимирязев ауданының Тимирязев ауылында тұрады;
3. Шкира Антонина Анатольевна, 16.02.1990 г ж.т., «Райт – АА» ЖШС бухгалтері, Тимирязев ауданының Тимирязев ауылында тұрады.