2021 жылғы 10 қаңтар күні бірыңғай сайлау округі аумағында Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттарын кезекті сайлау өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 7890 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетенін 7522 адам немесе 95,3 пайыз алды.
Дауыс беруге 7317 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәлігі бойынша 11 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс берген 202 сайлаушы.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы – 5797 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,94 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 531 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,32 %;
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы – 799 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 11,02 %;
«ADAL» саяси партиясы –125 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,72 %.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленді:
«Nur Otan» партиясы;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы.
Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды келесідегідей бөлу белгіленді:
«Nur Otan» партиясы – 8 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы – 1 мандат.
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы