Меню

Страницы

Статья

5 сұрақ айдары БЖЗҚ өзектi сауалдарға жауап бередi

1) Бiрнеше жыл бұрын мен БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы Жеке кабинетке тiркелдiм. Бiрақ бiраз уақыттан кейiн паролiн ұмытып қалдым. Кейiнiрек телефонымды жоғалтып алып, бұрынғы нөмiрiмдi қайта қалпына келтiрмедiм. Ендi маған Жеке кабинетке кiрiп, үзiндi көшiрменi онлайн режимде қалай алуға болады?

Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi Сiз ұялы қосымшадан, БЖЗҚ және электрондық үкiмет сайттарынан көре аласыз. Ол үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамынан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтiн пайдалануға болады.

Бұдан басқа, БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде тiркелген жекелеген деректемелердi (электрондық мекенжай, ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының телефон нөмiрi) сiз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ кеңселерiнiң бiрiне жүгiну арқылы өзектендiре аласыз.

2) Жақында мен 63 жасқа толып, зейнеткер атандым. Бiрақ жұмысымды одан әрi жалғастыра бергiм келедi. Сiздерден сұрайын дегенiм, ендi менiң жалақымнан мiндеттi зейнетақы жарналары аударыла ма, жоқ па?

Жоқ, аударылмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған адамдар БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

3) Қайырлы күн! Материалдық жағдайымның ауырлығына байланысты мерзiмi өткен және төленбеген екi несием бар. Айтыңызшы, бұл қарызды менiң зейнетақы жинақтарымнан өндiрiп ала ма?

Жоқ, өндiрiп алу мүмкiн емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарына, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына, өсiмпұлдарға, зейнетақы активтерiне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 98-бабының 14-тармағына сәйкес өндiрiп алу салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына қатысты қолданылмайды.

4) Сәлеметсiз бе! Ағам қайтыс болғаннан берi бiр ай мерзiм өттi. Бiз оның зейнетақы жинақтарын алу үшiн қандай құжаттар қажет екенiн және нақты қандай қаражат ала алатынымызды бiлсек деп едiк.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрi — Заң) алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрi- ЖЗШ) қаражаттан аспайтын мөлшердегi жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi.

Егер жерлеуге арналған бiржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретiнде төленедi.

Бұған қоса Заңның ережелерiнде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатыны айқындалған.

Заңның 34-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асыруға мiндеттi. Аталған тәртiп, сондай-ақ, қажеттi құжаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.

Төлем түрiне, оларды БЖЗҚ-ға беру тәсiлiне (өзi келгенде/пошта байланысы құралдары/үшiншi тұлға арқылы жүгiнген кезде) байланысты қажеттi құжаттардың өзектi тiзбесi, оларды ресiмдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтiнiш бланкiлерi және төлем валютасының түрiне қарай оларды толтыру және сенiмхат үлгiлерi www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ-ның веб-сайтында орналасқан.

5) Коронавирус iндетiне байланысты жұмыс берушiм бiраз уақыт жалақы төлемедi. Егер мен ресми түрде жалданып жұмыс iстейтiн болсам, алдыңғы айлар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын өз бетiмше аудара аламын ба?

Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылар салымшы агентiнiң (жұмыс берушiнiң) аударуы арқылы төлейдi. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамына (бұдан әрi — ЗТМО) аудару арқылы өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын (бұдан әрi — МЗЖ) мына жеке тұлғалар ғана төлей алады:

  • жеке кәсiпкерлер;
  • жеке нотариустар;
  • жеке сот орындаушылары;
  • адвокаттар;
  • кәсiби медиаторлар;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;
  • бiрыңғай жиынтық төлем төлеушiлер.

Осылайша егер сiз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатпасаңыз, онда МЗЖ есебiнен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетiңiзше толықтыру мүмкiн емес.

Дата публикации
07 декабря 2020
Дата обновления
07 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы