Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ өз салымшыларына зейнетақы төлемдерiн алу қажеттiгi туралы хабарлайды

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлiк жасқа (ерлер — 63 жас және одан жоғары, әйелдер — 2020 жылы 59,5 жас және одан жоғары) жеткен, Қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерiн алуға өтiнiш бiлдiрмеген адамдарды БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы екендiктерi туралы хабарлайды. Әсiресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердiң назарын ерекше аударғымыз келедi. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейiн жүгiнбесе, мұны келесi жылы тек 60 жасқа толғаннан кейiн ғана жасай алады. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әйелдердiң зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы ерлермен теңесетiнi белгiлi.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi алушы өтiнiш берген күннен бастап белгiленедi және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейiн жүзеге асырылады. Зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты бiрыңғай өтiнiш беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесiне сәйкес «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ-қа өзiңiзге ыңғайлы уақытта жүгiну қажет. Зейнетақы төлемiн тағайындау туралы өтiнiштi зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiнгi 10 күн iшiнде беруге болады.

Бiрыңғай өтiнiш негiзiнде алушыға Мемлекеттiк кепiлдiк (инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) төлеу бойынша белсендi қызмет те көрсетiледi.

БЖЗҚ алушылардың Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерiне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң сомаларын Мемлекеттiк корпорацияға аударады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң есептелген мөлшерiнiң төлемi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады (01.04.2020 ж. бастап — 17 640,72 теңге = 54% * 32 668).

Егер өтiнiш берiлген күнгi зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бiр рет бiржола төленедi (01.04.2020 ж. бастап бұл сома 485 292 теңгеге тең = 12 * 40 441).

Егер кезектi ай сайынғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн алушының ЖЗШ-ғы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан кем соманы құраса, бұл қалдық кезектi төлемнiң сомасымен бiрге төленедi.

Мемлекеттiк корпорация БЖЗҚ-дан бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алушының өтiнiште көрсетiлген банк шоттарының бiрiне бiр күн iшiнде жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлемдерi қазiр мынадай жағдайларда:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенде;
  • мерзiмсiз уақытқа I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленгенде;
  • жерлеу және мұрагерлiк;
  • ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен — елу жасқа толғанда, сондай-ақ, мүгедектiк белгiленгенде жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз.

Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi туралы толық ақпарат, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне (өзi келген жағдайда/пошта байланысы құралдары/үшiншi тұлға арқылы) байланысты қажеттi құжаттар тiзбесi, оларды ресiмдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтiнiштердiң бланкiлерi мен оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхаттардың үлгiлерi, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың түсiндiрмелерi БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы