Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ журналистерге арналған онлайн-семинар өткiздi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарды Қор қызметтерi, жинақтаушы зейнетақы жүйесi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызмет нәтижелерi туралы үнемi хабардар етiп, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсiндiру жұмыстары шеңберiнде қаржы журналистикасы мектебiн биыл бесiншi рет өткiздi.

Мектептiң мақсатты аудиториясы — журналистер, блогерлер мен журналистика факультетiнiң студенттерi. Себебi, олар БЖЗҚ-ға ақпараттық түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге белсендi түрде көмек көрсетiп келедi.

Биылғы iс-шара коронавирус iндетiне байланысты онлайн пiшiмде өттi. Соған қарамастан онлайн-мектепке 60-тан астам қазақ және орыс тiлдi баспасөз өкiлдерi жиналды.

Қаржы журналистикасы мектебi бағдарламасында қатысушыларға түрлi тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылды. Олар: Қазақстанның зейнетақы жүйесi және «БЖЗҚ» АҚ қызметi, қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi; жеке зейнетақы шотын ашудан бастап төлемдердi рәсiмдеуге дейiнгi зейнетақы жинақтары; зейнетақы калькуляторының көмегiмен болжамды зейнетақыны жоспарлау және есептеу; Қазақстандағы демографиялық үрдiстер және олардың экономикаға әсерi; Қордың халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсiндiру жұмыстары және т. б. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп, «БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi ақпарат» атты тақырып та талқыланды.

БЖЗҚ мамандары дәрiс беру барысында мектепке қатысушылардың күрделi қаржылық көрсеткiштер мен статистикалық деректердi жеткiлiктi түсiнулерiне көмектесiп, зейнетақы төлемдерi мен жинақтар төңiрегiндегi түрлi мәселелер бойынша ақыл-кеңестерiмен бөлiстi. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы көптеген сауалдарға жауап бердi. Ал мұның бәрi олардың шынайы әрi тартымды журналистiк материалдар жазуларына қолғабыс тигiзерi анық.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы