Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ филиалдары жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200-ге жуық бөлiмшесi жұмыстарын қызмет көрсетудiң қалыптасқан күндiзгi режимiнде, қауiпсiздiктiң барлық санитарлық шараларын сақтай отырып жалғастыруда.

Алдын ала жазылудың қажет екенiн естерiңiзге саламыз. Күндiзгi режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. Сайттың басты бетiндегi «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз бiздiң филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз.

Филиалдардың жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi 9:00-ден 18:00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi. Түскi үзiлiс кезiнде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейiн операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртiп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында жұмыс үстелiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттық екi техникалық үзiлiс қарастырылған.

Сонымен қатар БЖЗҚ қызметiнiң өзге де түрлерiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде ала алатындығыңызды естерiңiзге саламыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).

Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету бөлiмi жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтi қашықтықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу қызметi көрсетiледi. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзiмсiз уақытқа мүгедектiк берiлген 1-2 топ мүгедектерiне) санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.

БЖЗҚ қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан қолдау көрсетуге әрқашан дайын:

1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;

5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн режимiнде тексерiп, кейiннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет көрсету де қарастырылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап БЖЗҚ бөлiмшелерiне келудi талдау нәтижелерi бойынша бизнес-үдерiстердi оңтайландыру және шығыстарды қысқарту мақсатында шалғайдағы жұмыс орындары форматындағы, яғни Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстарының жекелеген елдi мекендерiнде, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Жезқазған және Семей қалаларында орналасқан жиырма тоғыз қызмет көрсету пунктi өз қызметiн тоқтатады.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тiзiмi мен олардың мекенжайлары Қор сайтында көрсетiлген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы