«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері — Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.
Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға Сілтеме https://enpf.webex.com бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 889 5551 және event-мәжіліс паролін hQMf енгізіңіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 12:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 228 0976 және event-мәжіліс паролін AWj8 енгізіңіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 15:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 554 3708 және event-мәжіліс паролін reSS енгізіңіз.
Қатысушылардың қосылуға қатысты сұрақтары болса 87778960322 телефон нөміріне қонырау шалуыңызға болады.