Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі  22,75 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2025 жылдың 1 сәуіріне - 21,76 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,3%.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 653,83 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 9%.

Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2025 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі 8,19 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 сәуіріне  329,12 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен қаражат мөлшері – 762,22 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 22,2% немесе 138,62 млрд теңге).

Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1-сәуіріне 630,91 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 13,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 35,31 млрд теңге (өсім - 22,4%), ЕЗЖ - 809 млн теңге (өсім - 14,8%) түсті. 2025 жылдың алғашқы 3 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 95,18 млрд теңгені құрады.

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 3 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 371,44 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 92,5% немесе 178,47 млрд теңгеге көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 219,10 млрд теңге.  

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,10% ұлғайып, 01.04.2025ж. 56,40 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 638 теңге. 

Жыл басынан бастап 01.04.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,63 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 8,46 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 801,25 млн теңге, жерлеуге төлемдер – 2,63 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 67,43 млрд теңге сомасы аударылды.

 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,44 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,66 млн бірлік немесе 10,5%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 сәуіріне 12,54 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 729,35 мыңы - МКЗЖ бойынша, 446,65 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,91 млн бірлік. 

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
24 апреля 2025
Дата обновления
24 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы