Меню

Страницы

Статья

Кәмелет жасындағы немесе 18 жасқа енді толатын жас отандастарымыз "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша есептелген қаражатын өз бетінше тексере алады

Кәмелет жасындағы немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің нысаналы жинақтары (НЖ) туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның не электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы Жеке кабинетінен ешкімнің көмегінсіз, өз бетінше ала алады. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес олардың нысаналы жинақтау шоттарындағы (НЖШ) нысаналы жинақтың, соның ішінде ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәліметтердің құпия сақталуына кепілдік береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп беріледі. Балаларға 18 жасқа дейін аударылған қаражат нысаналы талаптар деп аталады. Ата-аналар баласының есепшотына нысаналы талаптардың аударылғанын электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинеттерінде немесе eGov Mobile ұялы қосымшасынан көре алады. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына аударылды. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.

Осы тақырып бойынша егжей-тегжейлі бейнетүсініктеме БЖЗҚ-ның  YouTube-арнасында жарияланған. https://youtube.com/shorts/XA7VJJLZydY?si=KzeH8QqKEebGjhmd

Дата публикации
01 апреля 2025
Дата обновления
01 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы