Меню

Страницы

Статья

Ерекше оқиғалар үшін ерекше орын

Петропавлда жаңа салтанатты тіркеу залы ашылды, ол ең маңызды және мәнді оқиғаларды өткізуге арналған тамаша орын болады. Мұнда неке қию, мерейтой иесіне құрмет көрсету рәсімдерін, отбасылық өмірдегі ұмытылмас күндерді, баланың туылуын және басқа да салтанатты сәттерді ұйымдастыра аласыз. Әр оқиға АХАТ қызметкерлерінің сүйемелдеуімен өтеді.

Салтанат залы Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157 үй (№1 ХҚКО ғимараты) мекенжайында орналасқан. Жайлы және әдемі безендірілген орында әр сәт ерекше мәнге ие болады.

«Біз солтүстікқазақстандықтарға, әсіресе жас жұбайларға, осы маңызды күннің салтанатты көңіл-күйіне тамаша сәйкес келетін әдемі және жайлы залда неке қию мүмкіндігін ұсынуға қуаныштымыз. Залдың безендірілуі мен атмосферасы біздің азаматтарымыздың өміріндегі осындай маңызды оқиғаларды одан да мағыналы және есте қаларлық етеді. Сондай – ақ, бұл зал көптеген жылдар бойы бақытты некеде және осы маңызды сәттерде салтанаттылықты одан сайын арттыра отырып, өздерінің неке қиылған мерейтойлық күндерін атап өткісі келетін  ерлі-зайыптылар үшін ашық», - деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Арман Жамуков атап өтті.

Қазақстанда азаматтарға ыңғайлы болу үшін некені тіркеуге өтініш берудің бірнеше нұсқалары қарастырылғанын естеріңізге сала кетейік: АХАТ, электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы. Өтінішті қарау мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды.

2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 2975 неке қиылғанын, 4507 туу туралы куәлік берілгенін атап өткіміз келеді.

 

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы