Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 11 айда 4,25 трлн теңгеден асты

шоттарындағы зейнетақы активтері 22,13 трлн теңгеге (11 айдағы өсім 4,25 трлн теңге немесе 23,8%) жетті. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 4,75 трлн теңгеге (немесе 27,4%) өсті.

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,07% мөлшері МЗЖ есебінен қалыптасқан, оның көлемі 01.12.2024ж. шамамен 21,24 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 26,4%, жыл басынан бері – 22,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 642,76 млрд теңгеге жетіп, бір жылдағы өсім – 16,2%, ал жыл басынан бері 13,1% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 48,9%, жыл басынан бері - 43,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,59 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 11 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары 218,79 млрд теңгеден асты.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы 11 айда салымшылардың жеке және шартты шоттарына түскен зейнетақы жарналары  2,49 трлн теңгеден асты (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 29,4% немесе 567,35 млрд теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.12.2024 жылға дейін 2,18 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 104,3 млрд астам теңге (өсім 20,6%), ЕЗЖ бойынша – 2,8 млрд теңге (өсім 35,3%) жиналды.  ЖМЗЖ  көлемі – 204,12 млрд теңге.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.12.2024 ж. дейін  2,78 трлн теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,53 трлн теңгеге (немесе 123%) өсті.

 

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,13 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есе көп.

497,98 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) құрады.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 185,42 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32,8% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,35 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,49 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – шамамен 2,77 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 9,18 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 339,66 млрд теңгеден астам қаржы аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 826 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды. 

 

 

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,07 млн. бірлік (жыл басынан бергі өсім - 4,74 млн бірлік немесе 38,5%, бір жылдағы өсім – 38,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 желтоқсанына  12,48 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,14 млн - МЗЖ бойынша, 711,35 мың - МКЗЖ бойынша, 436,47 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,58 млн бірліктен асты. 

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
06 января 2025
Дата обновления
06 января 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы