Меню

Страницы

Статья

ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бері ақпарат алу үшін 100 миллионға жуық сұраныс өңделді. Платформа күннен — күнге қазақстандықтар үшін қолайлы әрі танымал болып келеді.

Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтама сұраныс мөлшері бойынша көш басында – одан 44 миллион берілді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу процесін қарапайым әрі ыңғайлы етті. Бүгінгі таңда жүйе жылжымайтын мүлік бойынша 8 және жер кадастры бойынша 4 қызмет көрсетеді. Оның ішінде – құқық белгілейтін құжаттардың, техникалық төлқұжаттың, жер учаскесінің кадастрлық паспортының телнұсқаларын алу, сондай-ақ мемлекеттік кадастрлық картаға цифрлық ипотеканы тіркеу.

Жылжымайтын мүлікке техникалық құжат пен жер учаскесі актісін бір құжатқа, яғни кадастрлық төлқұжатқа біріктіру – негізгі өзгерістің біріне айналды. Жүйе іске қосылғаннан бері мұндай 813 716 төлқұжат берілді.

ЖМБМК заманауи цифрлық экожүйесі екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және платформалармен интеграциялану арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етті. Айта кету керек, ЖМБМК еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып саналып, азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді ашады.

 

Дата публикации
26 декабря 2024
Дата обновления
26 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы