Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ мамандары азаматтарға қоңырау соқпайды! Мұқият болыңыз!!

Соңғы кездерде БЖЗҚ салымшыларына қатысты алаяқтық әрекет жағдайлары орын алуда. Ол үшін әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соның бірі - салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін оның бөлімшесіне бару қажеттігі және SMS арқылы хабарландыру тәсілімен кезекті электрондық брондауға мүмкіндігі бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады.

Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін келесіні білгеніңіз маңызды: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ, бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.

Өзіңізді қорғау әдістері:

  • Өз кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз.
  • Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
  • Егер Сізді әлдекім БЖЗҚ атынан мазалайтын болса, тұтқаны қойып, тікелей Қормен хабарласыңыз!
  • Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз. Себебі, сонымен бірге Сіз жеке деректеріңізді құйтырқы әрекеттерге пайдаланатын бейтаныс адамдарға сеніп тапсырасыз.

Осы ақпаратты өз жақындарыңызға таратыңыз. Олар да хабардар болып, қорғана жүрсін!

 

 Барлық сауалдарыңызға жауап алып, ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

 байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегін байланыс арқылы, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз.

Дата публикации
15 октября 2024
Дата обновления
15 октября 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы