БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде БЖЗҚ кезекті "Ашық есік күніне" шақырады. Кездесудің тақырыбы - "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары".
Өздеріңізге белгілі, бүгінде көптеген жастар 30-40 жылдан кейін, яғни зейнет жасына толғанда не күтіп тұрғанын ойлап, бас қатырмайды. Алайда, дәл жас буын өкілдеріне еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қарттық шағында лайықты деңгейде өмір сүруі үшін осы бастан қамдану керек. Өйткені 1998 жылға дейін жұмыс өтілі жоқ қазақстандықтар мемлекеттен берілетін ортақ зейнетақыны ала алмайды және олардың болашақ зейнетақысының мөлшері негізінен зейнетақы қорындағы жеке жинақтарына тәуелді болады.
Зейнетақыны болжау және жоспарлау үшін БЖЗҚ өте ыңғайлы құралдарды ұсынады - "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары", олардың көмегімен сіз өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жоспарын қалыптастыра аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы калькуляторы зейнетақының болжамды мөлшерін бұрыннан қалыптасқан жинақтарға сүйене отырып есептейді. Калькулятор екі түрде ұсынылған. "Ағымдағы" - бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатындар үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерін есептеуге болады. "Болжамды" түрі болашақтағы зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның құрамдас бөліктерін, сондай-ақ оның қалыптасуының пессимистік, шынайы және оптимистік 3 сценарийін көрсетеді.
Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшыға көмек ретінде зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын ұсынады. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы көлеміне және болашақ жарналарға сүйене отырып, зейнетақы төлемдерінің күтілетін мөлшері мен кестесін есептеуге болатын болжамды зейнетақы калькуляторынан айырмашылығы, жеке жоспар пайдаланушыға:
- зейнетақы жинақтарының ағымдағы көлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің қажетті сомасын негізге алып, болашақ жарналардың талап етілетін мөлшерін есептеуді,
- жинақтаудың жеке жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді (автоматтандырылған дербес хабарламалар жүйесі арқылы) өз бетінше іске асыруға мүмкіндік береді.
Зейнетақы жоспарының функциялары жаңартылды, мысалы, салымшының жинақтаушы жүйедегі өтілін автоматты түрде есептеу мүмкіндігі қосылды, дизайн оңтайландырылды, бұл туралы сарапшылар салымшылармен кездесуде егжей-тегжейлі айтып береді.
Қор мамандары болжамды зейнетақыны зейнетақы калькуляторы арқылы қалай есептеу керектігі туралы түсіндірме береді, зейнетақы жоспарын қалыптастырып, қалаған жағдайда қалай өзгертуге болатынын көрсетеді. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану кезіндегі салымшылардың жаңа мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
Іс-шара барысында оның қатысушылары зейнетақы калькуляторы мен зейнетақы жоспарын қолдана отырып, жайлы өмірді қамтамасыз ететін қарттықтағы кірістерді қазірден қалай болжауға және оларға әсер етуге болатындығын жеке мысалдар арқылы көре алады.
Қонақтар тек іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап ала алады.
"Ашық есік күні" 20 қыркүйекте онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:
Бірінші сессия сағат 10:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2517 434 39 26
оқиға паролі: SKOF
Cессия сағат 12:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2511 700 82 37
оқиға паролі: SKOF
Cессия сағат 14:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2516 016 28 37
оқиға паролі: SKOF
Cессия сағат 16:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2510 172 83 94
оқиға паролі: SKOF
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушылары мен "Ашық есік күніне" қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеді!