Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады.

Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастап жүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды.

«Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйвері ретінде Invisible Government жолында технологиялық және клиентке бағдарланған сервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің әкімдіктің жүйелерімен интеграциялануының арқасында мүліктің жаңа иелеріне коммуналдық қызметтерді ұсынушылармен автоматты түрде шарт жасау мүмкіндігі пайда болды», — деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатып алған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралы ұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтерге жіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсыз автоматты түрде шарт жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS — хабарлама келіп түсіп, дайын құжатқа сілтеме беріледі.

Жақын арада Мемлекеттік корпорация жоба ауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді.

Дата публикации
25 июня 2024
Дата обновления
25 июня 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы