Меню

Страницы

Статья

ХҚКО-дан төлқұжат қалай тез алуға болады?

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның ХҚКО-ларында жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу үшін өтініш білдіретін клиенттер саны артады. Осы ретте ХҚКО-да төлқұжатты ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай алуға болатынын айтқымыз келеді.

Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді.

Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, Сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер Сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Өтінім берген кезде ХҚКО қызметкері Сіздің фотосуретіңізді сол жерде құжаттарға түсіреді.

Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі — 15 жұмыс күні. Қаласаңыз, қосымша төлем кезінде процесті жылдамдатуға болады.

Облыс орталығында:

1 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін — 3372 теңге;

2 жеделділік санаты – 5 жұмыс күніне дейін — 1771 теңге.

Ал облыстың аудандары үшін тек үшінші санат қолжетімді: 678 теңге қосымша төлем арқылы 7 жұмыс күніне дейін жеделдете алады.

Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Баланың ата — анасының бірі келуі міндетті.

Сонымен қатар, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар. Олар:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
  • барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек баланың ата-анасының бірі;
  • қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
  • жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • «Батыр Ана» атағы бар, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Айта кетейік, 2024 жылға мемлекеттік баждың мынадай мөлшері белгіленген: ҚР азаматының төлқұжаты үшін 36 беттік — 8 АЕК (29 536 теңге), 48 беттік төлқұжат үшін 12 АЕК (44 304 теңге), 24 беттік төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балалар үшін 14 768 теңге) 4 АЕК

Дата публикации
25 июня 2024
Дата обновления
25 июня 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы